«Байтақ» партиясы өз бағдарламасына барлық өңірлерден келген азаматтардың қалауларын енгізеді. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз конференциясында айтылды.Кандидаттар бүкіл үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстардың нәтижелері туралы баяндап, өңірлердегі кездесулер кезінде айтылған халықтың ұсыныстарын ортаға салды. Сондай-ақ, пікірталастарда айтылған қарсыластардың сындарлы ұсыныстары назарға алынып, партия аппараты оларды күшейту және жаңарту үшін өңдейді. Оларды партияның келесі съезіне шығару жоспарлануда. Азаматхан ӘМІРТАЕВ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Үгіт-насихат жұмыстарын сайлау науқанында жүргіздік.15 мың арнайы кездесу өтті. Үш жарым мың үлкен жиналыстар өтті халықпен. Болашақта, осы жақын арада партиямыздың съезі өткен кезде біз жаңағы бағдарламамызды бекітеміз.