«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері дәрігерлермен кездесті. Саяси ұйым төрағасы елордадағы әлеуметтік-медициналық мекеменің бірінде сайлауалды бағдарламаны таныстырып, сауалдарға жауап берді.Ақ халатты абзал жандар қоғамдағы түйткілді мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдары бойынша ұсыныстарын айтты. Аталған мекемеде 60-қа жуық маман жұмыс істейді. Жүздесу барысында партия белсенділері елде жүргізіліп жатқан саяси реформа төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуына аз уақыт қалды. Кестеге сай іс-шаралар қыза түсті. Байтақтықтар 3 жарым мыңнан астам кездесу ұйымдастырды. Алдағы күндері республикалық штаб өкілдері оңтүстік өңірлерді аралауды жоспарлап отыр. Азаматхан ӘМІРТАЕВ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Республикалық штаб пен барлық аймақтағы штабтардың жұмысы бақылауда.Халықтың ынатсы сайлауға деген жоғары. Сайлаудан үлкен үміт күтіп отыр. Әділетті Қазақстанның алғышарттары орындалады деп осындай ынта, сенім бар.