«Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабы шырайлы Шымкентте көрісу күніне арналған шараға қатысты. Пенденің аузы аққа, мал аузы көкке тиген шақтағы мерекеге «Абай-Жидебай» халықаралық қоғамдық қоры мұрындық болды.Түлкібас ауданындағы іс-шара аясында ел ағалары мен ақжаулықты әжелер көрісіп, қыстан аман-есен шыққандарын айтып, қауышты. Ақ тілектер айтылып, бата берді. Шығыс күнтізбесі бойынша, наурыздың басталуы күн мен түн теңеліп, амал кірген сәтте Тоқты шоқжұлдызы туады деген ұғым қалыптасқан. Мерекелік көңіл-күй аясында саяси ұйым өкілдері жиналғандармен әңгімелесіп, алдағы науқан төңірегенде пікір алмасты. Қайрат АЙТБАЙ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Қазақстанның түкпір-түкпірінен келіп жатыр.Семейден келіп жатыр. Атыраудан келіп жатыр. Қызылордадан келіп жатыр. Түркістаннан келіп жатыр. Жамбыл, Тараздан келіп жатыр. Өзіміздің бағдарламамызды түсіндіріп жүрміз. Ел-жұрттың көңілі көтеріңкі. Сайлауға деген дайындықтары өте жақсы.