«Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабында жұмыс қызды. Өткен екі күндегі жұмыстар пысықталып, сайлаушылар тарапынан түсіп жатқан сұрақтар сараланды. Өңірлерде де іс-шаралар кестеге сай жүргізіліп жатыр.«Байтақ» жасылдар партиясы халықпен кездесу ұйымдастырып, сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндіруді бастап кетті. Қазір аймақтық штабтарға үгіт-насихат материалдары толық жеткізілген. Әр облыста халық санына байланысты 200-ге жуық волонтер жұмысқа тартылды. Саяси құрылым партиялық тізім бойынша Мәжіліс сайлауына 18 кандидат ұсынып отыр. Бір мандаттық округ бойынша 3 үміткер бақ сынайды. Ал мәслихаттар сайлауына 176 кандидат тіркелген. Қайрат АЙТБАЙ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Заңға сәйкес, өздерінің үгіт-насихат материалдарын таратып жатыр. Халық оны жақсы қабылдап жатыр. Біз аралап жүргенде байқағанымыз осы болайын деп жатқан алдымыздағы тарихи сайлау науқанына өте жауапкершілікпен қарап отырғанын байқадық. Сайлау болатынын біліп отыр, қандай сайлау болатынын біліп отыр.