«Байтақ» жасылдар партиясының республикалық штабы үгіт-насихат жұмыстарының онкүндігін қорытындылады. Бүгінге дейін халықпен 3 250 кездесу ұйымдастырылды. Оларға 15 мыңнан астам сайлаушы қатысты.Қазір Республикалық маңызы бар қалалар мен барлық аймақтағы өңірлік штаб кестеге сай жұмыс істеуде. Іс-шараларға білікті мамандар мен халықтың санына қарай волонтерлер тартылған. Үгіт-насихат материалдары толық жеткізілген. Жұмыс заң шеңберінде жүзеге асырылып жатыр дейді штаб басшылығы. Саяси құрылым партиялық тізім бойынша Мәжіліс сайлауына 18 кандидат ұсынған. Бір мандаттық округ бойынша 3 үміткер бақ сынайды. Ал мәслихаттар сайлауына 176 кандидат тіркелген. Қайрат АЙТБАЙ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Арамызда көп уақыт қалған жоқ. Сол уақыттың арасында біз үлгеруіміз керек. Қамтылмаған халық арасында, жастар арасында бағдарламасызды көрсете отыра біз мүмкіндігінше үгіт-насихат жұмысының соңына дейін Қазақстанның барлық өңірінде әр топтың сайлаушыларымен кездесуді алдымызға мақсат етіп отырмыз. Сол нәтижеге жетеміз деген ниеттеміз.