«Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы спортшылармен кездесті. Елордада каратэден өткен дүбірлі доданы тамашалап, қатысушыларға қолдау көрсетті.Партия төрағасы жарыс басталмас бұрын спортшылармен және олардың бапкерлерімен кездесті. Салауатты өмір салтын қалыптастыру, қоршаған орта және экология мәселелеріне қатысты әңгіме өрбітті. Өзекті мәселелердің шешу жолдарын қарастырып, ойларымен бөлісті. Партия басшысы саяси құрылым тұғырнамасының негізгі бағыттарына тоқталып, алдағы науқанның маңыздылығын түсіндірді. Елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды саяси және экономикалық реформаларға тоқталды. Кездесуден кейін «байтақтықтар» дәстүрлі сайысқа жиналған спортшылардың жекпе-жектерін тамашалап, жанкүйер болды. Азаматхан ӘМІРТАЕВ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Негізгі мақсаттардың бірі, құндылық – ол денсаулықты сақтау. Спорт – ең бірінші ол денсаулықтың кепілі. Жастарды спортқа бағыттау, талпындыру – ең басты мәселе боп тұр.
Жаңалықтар





























