«Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері Жамбыл облысында. Іс-шаралар бекітілген кестеге сай, заң аясында жүзеге асырылып жатыр. Кездесулерде партия мүшелері сайлауалды тұғырнамасын жан-жақты талқылап, саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді.Өңірлік штаб өкілдері бүгін «Жамбыл-су» коммуналдық мекемесінде болып, еңбек ұжымымен кездесті. Жүздесу барында саяси құрылым тұғырнамасының негізгі бағыттары түсіндірілді. Таза ауыз су, кәріз жүйесі, тұрмыстық қалдықтар мәселелеріне қатысты ой-пікірлерімен бөлісті. Таразды тіршілік нәрімен қамтып отырған кәсіпорын 50-жылдары құрылған. Қазір мұнда 90 жер асты су ұңғымасы мен 19 су қоймасы бар. Мекемеде 600-ге жуық адам жұмыс істейді. Өңірлік штаб аудандар мен елдімекендерде 40-тан астам кездесу өткізді. Үгіт-насихат жұмыстары алдағы күндері жалғасады. Жанат ШЫМЫРБАЕВА, КӘСІПОРЫННЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ: Партия өкілдері бізбен кездесті. Сайлауалды бағдарламаны түсіндірді. Өзімізді мазалап жүрген түрлі сала бойынша сұрақтарымызды қойдық. Кездесу еркін, ашық форматта, жақсы өтті.