"Базарларда сауда жоқ",- сатушы

Базарларда сауда жоқ. Келіп, қалағанын таңдап жүріп алатын жұрт азайған. Себебі, қазір бәрі онлайн тапсырыс береді. Сатушылар табыссыз қалдық десе, мамандар бұл электронды сауда бәсекелестікті арттырады дейді. Онлайн сауданың қазіргі тренді қандай? Тілшіміз айтады.Гүлмира Сүгірова базарда киім сатады. Оның айтуынша, бір жылдан бері сауда мүлдем тоқтаған. Алыс-беріс жүрмеген соң, жалға алу ақысын да төлей алмай қиналатынын айтады. Табысқа емес, керісінше шығынға батып отырмыз дейді. Гүлмира СҮГІРОВА, САТУШЫ:Таныстарым 5-6 жыл істеген клиенттерім келеді. Ей мен пидододан алдым, мынаншаға алдым дейді. Сауданың онша болмай жатқанына зарплата бермей жатқан болар деп ойладық. Ал биыл вообще тоқтап қалды. Қажетті заттарын, түрлі сайттарға тапсырыс беріп алатындардың бірі- Айдана Ақбаева. Себебі ол жерде барлығы арзан, әрі сапалы дейді. Айдана АҚБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:Менің заказ беріп жүргеніме 2-3 ай болып қалды. Аз уақыт болса да мен осыған үйреніп қалдым. Енді 2-3 аптадай күтетіні бар. Уақытқа қарай. Ең бастысы бағасы қолжетімді. Электрондық сауда жаһандық экономикалық өсудің жаңа драйверіне айналған. 2022 жылғы қорытынды бойынша елімізде электрондық сауданың үлесі – 12,5%, бұл шамамен- екі трлн теңге. Ал былтыр 11 айда электрондық сауда көлемі шамамен 2,2 трлн теңге болды, бөлшек көлемінен 13%-ға дейін өсті. Қазақстандықтар негізінен интернет арқылы тұрмыстық заттар, киім-кешек пен аяқ киім, азық-түлік, косметика және дәрі-дәрмектер сатып алады. Азаматтар үшін Amazon, Wildberries, Ozon сияқты ірі трансшекаралық платформалар қолжетімді. Былтыр Ozon алаңында 45,4 мың, Wildberries аланында 55,7 мың қазақстандық тіркелген. Тұрғындар сайттардан тауар сатып алып, онлайн сауда алаңдары арқылы өнімдерін сатып жатыр. ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРЛІГІ:Бүгінде Alibaba платформасында 7500 отандық тауар, ал JD.com-да тауарлардың 30 түрі ұсынылған. 1 млн жазылушысы бар маркетплейстің арасында қазақстандық 30-ға жуық өнім бар, оларға сұраныс басым. Экономист Сапарбай Жұбаев онлайн сауданың дамуы ақпараттық технологияның дамығандығын көрсетеді дейді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер арасында бәсекелестік артады. Бұл өз кезегінде экономиканың алға жылжуына сеп болады деген пікірде. Сапарбай ЖҰБАЕВ, ЭКОНОМИСТ:Онлайн сауда көбейеді, бірақ офлайн сауданың көлемі азаяды. Неге себебі адамдар өзіне керекті сұранысты, интернет арқылы қанағаттандырса, онда кейбір дүкендер базардағы тұратын дүкендер дейміз ғой оларға адамдардың баруы азаятыны заңды нәрсе. Бірақ сауда көлемі көбейеді. Экономикамыздың дамуына. Қазақстан жыл сайын электронды сату арналары арқылы басқа елдермен сауда көлемін 100 млн долларға ұлғайтуды көздеп отыр. Осы мақсатта Сауда және интеграция министрлігі Орталық Азиядағы серіктестерімен әлемдік маркетплейстерде бірлескен павильонның ашылуын талқылауға ниетті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2027 жылы Астанада бокстан әлем чемпионаты өтеді
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?
Оққағарлар
Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді
Ақтөбе облысы бойынша 2025 жылдың жоспары айтылды
Қазақстан спортшысы Артем Антропов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы