Beijing Daily: Қазақстан – қытайлық туристер үшін жаңа бағыт

Бейжіңдегі ең таралымы көп «Beijing Daily» газеті 19-ы күні Қытай мен Қазақстан арасындағы туризм саласының дамып келе жатқаны туралы мақала жариялады, деп хабарлайды Kazinform.Мақалада қазақстандық «Эйр Астана» әуе компаниясының Қытай-Қазақстан арасындағы тікелей рейс өткізу мүмкіндігінің тұрақты түрде артқанын жазған. Қазіргі уақытта Бейжің, Астана және Алматы арасында екі жаққа тікелей рейстер бар. Бұл ретте Үрімжіден Астана мен Алматыға қатынайтын бағыттар да жақын арада толық қалпына келтірілмек. «Beijing Daily» газеті Қазақстанның екі ел арасындағы азаматтық авиация бағыттарын қалпына келтіруді белсенді түрде ілгерілетуі бұл елдің Қытайдың туристік әлеуетіне оптимистік көзқараспен қарайтынын және осылайша туризм индустриясында көршілес елмен байланысын нығайтуға үміттенетінін көрсетеді деп атап көрсетті. Автор «Бір белдеу, бір жол» бастамасына ең белсенді қатысушы елдер ретінде Қазақстан мен Қытайдың әртүрлі салалардағы ынтымақтастығы тығыз дамып келе жатқанына тоқталған. Сонымен қатар екі ел арасындағы визасыз режимнің жүзеге асырылуы арқылы Қазақстан қытайлық туристер үшін шетелге саяхаттаудың маңызды таңдауларының біріне айналады деп болжанып отыр. Айта кетейік, «Beijing Daily» – Қытай Халық Республикасының Бейжің қаласындағы күнделікті шығатын аймақтық басылым. 1952 жылы 1 қазанда құрылған және ең көп таралымы бар жергілікті газет. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Видеодағы қыз мен емес»: Балжан Бидаш бұрынғы күйеуінің үшінші некесіне қатысты ойын айтты
Қазақстандық банктер жаңа стандартқа көшті
Израиль мен ХАМАС мәмілеге келіп, Газадағы соғысты тоқтатпақ
Жүргізуші куәлігінен айырылған шетелдік Алматыда такси қызметімен айналысқан
Олжас Бектенов қолжетімді баспана мәселесі бойынша кеңес өткізді
Жұртшы - жыл құсы
Былтыр елімізде 359 мыңға жуық адам тұрақты жұмыс тапты
Феминистерге шеру өткізуге рұқсат бермеді
Көлікті 5 минут қыздыру ережесін Әділет министрлігі қайта қарайтын болды
2024 жылы Алматы қаласының Әділет департаменті халыққа 45 828 мың мемлекеттік қызмет көрсетті
29 жастағы қазақстандық Apple басшысы болып тағайындалды
Трамптың инаугурациясына Қазақстаннан кім қатысады?
Кешіккен тапсырыстар: Алматыда Қытайдан келген тауарлар қоймадан ұрланған
ІІМ: Жыл басынан бері есірткі қылмыстары үшін 6 жасөспірім ұсталды
Алматы мектептерінде 600 –ден астам жасөспірім қыз вакцинацияланды
18 қаңтарда Алматы Онкологиялық орталығында ашық есік күні өтеді
Алматыда «ABAI ULTTYG MEKTEBI-нің» құрылысы басталды
AZAL ұшағының апаты: РФ Тергеу комитеті сараптама тағайындады
СҚО-да спорт кешені бірнеше минут ішінде түгі қалмай жанып кетті
Жыл басынан бері 6 жасөспірім есірткі жарнамасын таратқан
Крещение мерекесінде мұсылмандарға суға түсуге бола ма? ҚМДБ жауап берді
Қарағандыда балабақшадан 82 бала эвакуацияланды
Бектенов техникалық мамандарға арналған тұрғын үй бағдарламасын кеңейту қажеттігін айтты
Ақмолада Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы тағайындалды