Беларусь Республикасының Бас прокуратурасы Беларусь соты бас бостандығынан айырылған К. және М. есімді қазақстандықтарды беру туралы сұранысын қанағаттандырды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.К. есімді қазақстандық Белоруссияда аса ірі мөлшерде пара бергені үшін, ал М. есімді қазақстандық жеке құжаттарды ұрлағаны, тонағаны, және ұрлық жасағаны үшін тиісінше 5 жыл және 7 жыл 6 айға сотталған.Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен бұл қазақстандықтарды жазасын одан әрі қарай өтеу үшін Қазақстанға жеткізді. Қазір олар Астананың тергеу изоляторына қамалды.