Еуропада фермерлердің ереуілі супермаркеттерде азық-түлік тапшылығына әкеп соқты. Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды. Бельгияда шаруалар ірі трассаларды жауып, жүк таситын көліктердің азық-түлік қоймаларына баруына кедергі келтірді. Салдарынан, супермаркеттердің тауар қоры түгесіліп, сөрелері бос тұр. Тұрғындар жеміс-жидек, көкөніс өнімдері мен сусын сатып ала алмай, дал болуда. Сатушылар, дүкен қоры мен сөрелерді толтыруға тағы 2-3 апта уақыт қажет екенін айтады.Бенедикт Клаве, Брюссель қаласының тұрғыны: Бейбіт заманда дүкен сөресі бос тұрғаны сұмдық қой. Бір емес, төрт дүкенге бардым. Көкөніс жоқ, қашан келетінін білмейміз дейді. Натали Бландин, дүкен әкімшісі: Фермерлер үкіметке ерегісіп өздерінің азық-түлік тарату қоймаларын ашпай отыр. Егер, алған беттерінен қайтпайтын болса, біз оларды сотқа береміз.