Бельгияда шетелдік студенттер наразылыққа шықты

Бельгия астанасында Монс, Льеж, Намюр және Брюссель университетінің 200-ден астам студенті наразылыққа шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.Наразылық акциясын ұйымдастырған Французтілді студенттер федерациясының (FEF) мәліметінше, жастар университеттердің шетелдік студенттердің кепілгерлерінің табысына қойылатын талаптарын көтеруге қарсы. Манифестация қатысушылары Солтүстік вокзалда жиналып, Шетелдіктер ісі басқармасының ғимаратына бағыт алды, кейін Жоғары білім министрі Валери Глатиньидің кеңсесіне кепілгерлерге қойылатын жаңа соманы қарауды талап етіп барды. Бельгия заңнамасына сәйкес, әр студент жоғары білім алу үшін Еуропалық Одақтан тыс «кепілгері» болуы тиіс. 2023-2024 оқу жылында шетелдік студенттердің кепілгерлеріне қойылатын талаптар артты. Төлем мөлшері айына 2758 еуро деңгейінде белгіленді, бұл әлеуметтік интеграциядан түскен кірістің 120% сәйкес келеді (бұған дейін 100%), сондай-ақ үшінші елдің әрбір азаматы үшін 789 еуроны құрайды. FЕF студенттер федерациясының бағалауы бойынша, бұл сома студенттер үшін қолжетімсіз. Егер кепілгер табылмаса, кейбір студенттер тұруға рұқсатынан айырылып, елден кетуге мәжбүр болады, ал басқалары кейде жалған демеушілермен алаяқтық жасауға мәжбүр. «Емтихандар жақындаған кезде бұл студенттер осы мәселемен бас қатырып, оқуға дайындала алмай жүр», - деп түсіндірді FEF президенті Эмила Ходжай.

Читать источник astanatv.kz/kz/
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
Головкин 2027 жылы бокстан әлем чемпионатын Қазақстанда өткізетін болды
950 жылдық теңдессіз туынды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
Доллардың бүгінгі бағамы қандай
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық