Танымал ақын, журналист Серік Қалиев өмірден өтті.Бұл туралы бүгін өзінің Facebook парақшасында дінтанушы, журналист Ардақ Байғабыл жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Жатқан жері жайлы болсын ағамыздың. Бүгін Қазақ елінің ақыны, керемет тұлға, асыл ағам Серік Қалиев бақилық болды. Аллаһ рахымына алсын Сізді ағау. 30 күн оразасын ұстап, шәууаль айының 6 күндік оразасын түгендеп, Құптан намазына бара жатқан жерінде жолда көлік қағып кетті ағамызды»,-деп жазды ол. Серік Қалиев – Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Амангелді ауылында туған. Айтыскер ақын. 1983-1995 жылдары облыстық, республикалық ақындар айтыстарына қатысып, жүлделі орындарды иеленген. Өлеңдері 1987 жылы жас ақындардың «Қарлығаш» ұжымдық жинағына («Жалын» ) енген.