Ертең «Белгісіз батырлар» атты отандық фильм көрерменге жол тартпақ. Осыған орай Алматыда түсірілім тобы мен актерлердің қатысуымен киноның алдын ала көрсетілімі өтті. Бұл -Қазақстандағы алғашқы тарихи комедия. Онда 18-ші ғасырдағы әйгілі Аңырақай шайқасы мен жаугершілік өмір көрсетілген. Сюжет желісі шытырман оқиғаға толы, махаббат хикаялары да бар. «Белгісіз батырлар» фильмінің басты рөлдерін Рамазан Амантай, Нұрболхан Шарапов, Айнұр Ілиясова бастаған отандық белгілі актерлер сомдайды. Олар түсірілім барысындағы бірқатар қызықты оқиғалармен бөлісті. Нұрболхан ШАРАПОВ, АКТЕР: Осы фильм барысында біз Рамазан Алтай екеуміз қазақтың батырымен суға құлаймыз. Ол су осы Алматының шетінде канализация бар ғой, канализацияның суына құлаймыз, сол жерге шомыламыз. Бұл менің алғашқы толықметрлік фильмдегі ең бірінші дебюттік рөлім десем болады. Барынша ойнап шығуға тырыстық, әрине. Мерей МАХАНОВ, ҚОЮШЫ РЕЖИССЕР: Қылыштасу, садақ атысу деген сияқты сондай дүниелер қиындау болды. Қанша дегенмен қиыншылықтары мен қызықтары қатар жүрді. Тарихи киноларды жанры комедия болғанда да жасауға да болады екен деген тұжырымға келдік. Құрметті телекөрермендер, 28 қыркүйектен бастап барлық отандық кинотеатрларынан көріңіздер!