ЮНЕСКО Бас конференциясының 42-ші сессиясында ЮНЕСКО-ның атаулы күндері тізбесіне 2024 жылы жазушы Б.Соқпақбаевтың және 2025 жылы әйгілі композитор, күйші Н.Тілендиевтің 100 жылдығын енгізу туралы Қазақстанның ұсынысы қолдау тапты.Бұл туралы бүгін Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің Telegram арнасында жазды. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанның «Диуани лұғат ат-түрк» атты түркі тілдерінің тұңғыш энциклопедиялық сөздігінің 950 жылдығын атап өту туралы бірлескен ұсынысы да қабылданды. Сөздікті Махмұд әл-Қашқари 1074 жылы жазған. ЮНЕСКО Бас конференциясының бұл шешімдері қазақ мәдениетінің дүниежүзінде дәріптелуіне септігін тигізері сөзсіз.