Танымал хитмен Қайрат Нұртастың кенже інісі Заңғар Нұртас болашақ келіншегін ата-анасымен таныстырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Заңғар әлеуметтік желідегі парақшасында сүйіктісі Индира мен ата-анасының бір дастархан басында бас қосқан видеоны жүктеді. Бейнежазба астына ол: “Берекесін берсін” деп жазыпты.“Астанаға қара шаңыраққа келіп қалдық. Отбасымыз үш қалада. Анам Алматыда жалғыз өзі, Қайрат ағам көбіне жанында болады. Әкем Аян ағамның қолында Астанада. Мен Шымкентте. Бұйырса келінді Алматыға, анамның жанына апарамын”, – дейді Заңғар алдағы жоспарларымен бөлісіп.