Бейсенбі, 20 шілде күні түнде полиция Берлин маңында бір арыстан бос жүргені туралы ақпарат таратты. Оған жергілікті тұрғындар түсіріп алған, қаншырға (арыстанның ұрғашысы) ұқсайтын аң бейнеленген видео себеп болды.Дегенмен 20 шілде түнде түсірілген видеоны мұқият қараған кезде, ағаштар арасынан қандай да бір аңның арқасы мен құйрығының бір бөлігі көрініп тұр. Видеоны талдай келе, бұл арыстан емес қабан деген тұжырым жасалды. Осыған байланысты кейінгі тәулік іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқан Берлин маңындағы Кляйнмахнов қаласында кеше баспасөз конференциясы өтті. Кляйнмахнов мэрі мен полиция аға басшысы түске қарай аңды іздеу жұмысы аяқталғанын мәлімдеді. Аңның ізі анықталмады, ал көрсетілген жерден тек екі қабан табылды. Шу тудырған видео талданып, БАҚ-қа таратылуы керек. Талдау сарапшылардың көмегімен жүргізілді. Екі маман ол – жабайы қабан екенін «анықтаған тәрізді». Олардың пікірінше, жануардың құйрығы арыстандыкі секілді қозғалмаған. Полиция енді тұрғындарға қауіп төніп тұрған жоқ дейді. Бұған дейін Берлинде екінші тәулік қатарынан жабайы аң іздестіріліп жатқанын хабарлаған болатынбыз.