Берлиннің бұрынғы мэріне шабуыл жасалды

Берлиннің бұрынғы мэрі және Jn Отбасы істері жөніндегі федералдық министрі Франциска Гиффиге шабуыл жасалды,-деп хабарлайды KAZINFORM.Берлин кітапханасындағы шара кезінде белгісіз ер адам оның артынан келіп, ішіне қатты зат салынған сөмкемен ұрып жіберген. Саясаткер басы мен мойнынан жарақат алып, амбулаторлық ем алу үшін ауруханаға жатқызылды. Полиция шабуылдаушыны ұстады, ол 74 жастағы ер адам болып шықты. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, оның бойында «психикалық ауру белгілері» бар. Күдіктінің шабуылына не себеп болғаны анықталып жатыр. Ер адамның пәтерінде тінту жүргізілді. Шабуылдан кейін Ф.Гиффи оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ол болған жағдайға алаңдайтынын, сондай-ақ Германиядағы саяси белсенді және адал адамдарға шабуылдың жиілеп жатқанын айтты. Өткен аптада Еуропарламент депутаттығына жетекші кандидаттардың бірі социалист Маттиас Экке Дрезденде плакаттар ілу кезінде ауыр жарақат алды. Полиция тым оңшылдармен байланысы болуы мүмкін төрт жасөспірімді тергеп жатыр. Бұған дейін қалада «жасылдар» қозғалысының белсендісі соққыға жығылды, ал сейсенбіде партияның Ивонна Мослерге шабуыл жасалды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды
Жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығады
Ақтаудағы ұшақ апаты: оқиға орнында қазір не болып жатыр?
Бокс: Ангелина Лукас пен Балауса Мұздиман қайта кездесуі мүмкін
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Ақтауда такси 10 теңге
Алматыда мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толу құрметіне ғылыми - практикалық конференция өтті
Қазақстан Президенті ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Қазақстанның атынан үш теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады
Әзірбайжандықтар ұшақ апатын тексеру үшін Қазақстанға келді
Мемлекет басшысы Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
Ақтау маңындағы әуе апатында зардап шеккендердің жағдайы туралы жаңа мәліметтер
Әке дұғасы – тіреу, ана тілеуі – демеу
Қызылордада оқушы қызды секс-құлдықта ұстаған: әйел сотталды
26 желтоқсан Әзірбайжанда қаралы күн деп жарияланды
Мәслихаттардың құрылғанына 30 жыл толды: Алматыда ғылыми-практикалық конференция өтті
"Астана" баскетболшыларының сәтсіз сериясы 22 ойынға созылды (ВИДЕО)
Қазақстанда 42 жаңа су қоймасы салынады
Дайын тағам өнімдерін жеткізуге қойылатын талаптар қандай?
Құрылыс ережелері мен Қала құрылысы регламенті қабылданды
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан экипаж мүшелерінің кім екені белгілі болды
Жаңа дизайнмен номиналы 2 000 теңгелік банкноталарды айналымға шығады
2024 жылы ауылдарда 263 медициналық нысан пайдалануға берілді
Төтенше жағдайлар министрі Ақтауға барды