Мәдениет және ақпарат министрлігі елімізде 11 мыңға жуық кітапхана жұмыс істейтінін мәлімдеді.Олардың штатында 25 мыңнан астам адам бар, кітап қоры 328 миллион данадан асты. «Кітап қорын жаңарту бойынша да бірқатар шаралар қабылдануда. Соңғы 5 жылда, мемлекеттік тапсырыс аясында, 4,5 миллион кітап шығарылды. Шетелдік бестселлерлерді қазақ тіліне аудару — маңызды аспект болып табылады. Оқырмандардың сұранысына сай кітаптар шығару үшін арнайы әлеуметтік сауалнамалар жүргізу жоспарлануда», — деп жазды ведомстводан. 2023 жылы отандық авторлардың 24 кітабы таныстырылды.