Бес қабатты торт, 5 миллион теңге шығын: Актриса Айжұлдыз Адайбекова туған күнін дүркіретіп атап өтті

Сән мен сахнаны қатар алып жүрген жас актриса Айжұлдыз Адайбекова туған күнін қымбат түнгі клубта атап өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі.27 жасқа толған актриса туған күнін ерекше форматта ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған.“Жыл сайын туған күнімді асыға күтемін әрі оған ерекше дайындаламын. Бүгінгі образым да соған сай. Биыл өнер тақырыбын алдым. Қонақтарыма алдын ала тапсырма бердім. Өнер – шексіз әлем. Қонақтарым қалай киінгісі келеді, солай келсе екен деген ниетім болды. Сөзімді жерге тастамаған достарыма алғыс айтамын”, – дейді актриса. Кешке жиналған қонақтардың образы таңдай қақтырғаны жасырын емес. Ерлі-зайыпты блогерлер Есентай мен Разия “ай мен жұлдыз” киімін қолмен өздері тігіпті. Отандық телехикаяларда бой көрсетіп жүрген Айым Сейтметованың айтуынша, 200-ден аса образдың ішінен таңдау қиынға түсіпті. Туған күн кейіпкері сыйлықтың астында қалды. Бірі бренд сөмке әкелсе, енді бірі ақшалай ұстатып жатты. “Осы кешке 10 мың АҚШ долларын жұмсадым. Теңгеге шаққанда бес миллиондай кетті. Бес қабатты торт жасатып, өнердегі 150 қыз-жігіттің басын қостым. Достарымның дені сыйлықты ақшалай беріп жатыр”, – деді ол. Жұлдызды кеште Айжұлдыздың анасы – Жанар Айжанова ерекше көзге түсті. Қызының туған күніне бір тиын да қоспағанын ашық айтты. Қызының салтанатты өз қаржысына жасап жатқанын айтып ақталды. “Мына жерде қарасаңдар, формат басқа. Мен қуаныштымын. Айжұлдызымның менсіз-ақ, менің атымды жамылмай-ақ, жаяу жүріп, еңбектеніп, жинаған достары. Шын ықыласымен келіп жатыр және де өздігінен дастархан жайып, өз қонағын күтіп жатыр. Айжұлдызға берілген сый-сыяпаттың бәрі – бағалы бренд. Ал гүлдері бір дүкен ашуға жетерлік”, – деп қуанышын жасырмады. Айта кетейік, осыған дейін Айжұлдыздың театр сахнасындағы алғашқы дебюті туралы жазған болатынбыз. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Біреуді мазақ еткен комментке лайк басу күнә». ҚМДБ пәтуа жасады
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
Алдағы күндері Алматыны қандай ауа райы күтіп тұр?
Алматыда жасөспірім кімге оқ атты?
Қанат Әлжаппаров ащы шындықты айтып салды
Қазақстанда неге көліктің астын жылына кемі 1 рет жуу керек?
Интернет нарығы, қанша екен салығы?
«Жошы хан» елде түсіріледі
“Құрамында пластмассаның кішкентай бөлшектері бар“. Ең зиян шай аталды
Маңғыстауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жалғасуда
Петропавлдағы ЖЭО-де апат болды
Жұрт жүрегіне жетер сөз
Алматыда қолайсыз метеожағдай күтіледі
Тұман, көктайғақ, бұрқасын: Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды
Сыйлық пен параны қалай ажыратуға болады?
«Шатырдағы екеу» әлеуметтік ертегі емес
Көктайғақ, бұрқасын: 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Онлайндағы сауат опық жеуден сақтайды
Алматыда «Birlik» би ансамблі концерт өткізеді
Ақтөбе облысында аудандық ауруханаға жаңа жабдықтар жіберілді
Жарқын болашақ жолындағы сенімді серіктес
Астанада есірткіні насихаттайтын 200-ден астам сайт бұғатталды
Шайх-Хасан Жазықбаев, генерал-майор: Армияда жастарға үлгі болар азаматтар көп