«Бесікте тербелген баланың ми талшықтары жақсы қалыптасады», - көпбалалы ана

Бесік сан ғасыр өтсе де мәні мен маңызын жоймай келеді. Сәби дүниеге келген соң нағашылары қасиетті бұйымды сыйға әкеледі. Және ол ұрпақ сабақтастығы ретінде атадан-балаға сақталады. Ал бесік жырымен сусындаған бала болашағына мол азық алып өседі дейді мамандар.Рәпіш қос бүлдіршінін әлдисіз ұйықтатқан емес. Тұңғышын 2 жасқа дейін бесікке жатқызған. Ұлы да туғалы бесікте. Жас та болса, бесігін төрге қойып, ашық қалдырмайды. Бұл анамның ақ сүтімен бойыма сіңген тәрбиенің негізі дейді. Ал бұйымның бала денсаулығына пайдасы зор деп есептейді. Рәпіш ТӨЛЕП, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Қазіргі аналардың көбісі бесікті қаламайды, бесікке бөлеме деген өздерінің әңгімесі бар. Миы шайқалады деген. Жоқ, бала керісінше бесікте тербелу арқылы, ми талшықтары қалыптасады екен негізі. Соны білген ғой дана халқымыз. Сондықтан деп ойлаймын менің балаларымның барлығы бесікте өздерін жайлы сезінеді. Бесіктің сәби өмірінде тәрбиелік мәні зор. Сол арқылы анасы баласына тілегін жаудырып, болашағына бағыт-бағдар береді. БЛИЦ-САУАЛНАМА: - Бесікке бөлеген жақсы, памперс кигеннен. Памперс қаз балалар ауру қылады. Шабын қызартады. Бесік жырын айтатын тұғынбыз, қазір ұмытып қалдым. - Бесікке бөлеген өте жақсы. Біріншіден бала тазалыққа үйренеді. Арнайы шүмектері бар. Әлди деп ыңылдаймыз ғой, әлди айтпаймыз ғой. - Таза әрі, жылы жатады. Бесікке бөлеген ұнайды. Әлди-әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем. Жылама бөпем, жылама,жілік шағып берейін. Жілігіңнің басына үкі тағып берейін. Бесік сан ғасыр өтсе де қолданыстан шықпай, ұлтпен бірге жасап келеді. Сәби туғаннан кейін негізгі үлкен той да осы бір кәделі бұйыммен байланысты. Алайда кейде оны қоқыстан көріп қынжыласың. Ал ата-бабамыз оны ұрпақ жалғастығы ретінде әкеден балаға қалдырып отырған. Бұл да тәрбиенің бір көрінісі дейді профессор Рабиға Игенбаева. Бесікте жатқан бала жалқаулықтан ада, жауапкершілігі жоғары болып өседі деген пікірде. Рабиға ИГЕНБАЕВА, ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ПРОФЕССОРЫ: Ғылымда аура деген бар. Ол өзінің бесігіндегі аурасында жатқан кезде, оған қосыша дыбыстар, қосымша әрекеттер, қосымша ұйқысын бұзатын заттар әсер етпейді. Тап-таза ұйықтайды. Көзін ашқаннан тазалыққа баулыған бала өмірге көңілі де ниеті де таза болады деп ойлаймын. Қазіргі таңда сәбилерге арналған жөргектің түрі көп. Бірақ оның пайдасы мен зияны туралы нақты мәлімет жоқ. Ал бесіктен аяқтанған баланың бойы қашанда таза болады. Қай тұрғыдан алсақ та, бесіктің маңызы мен мәнін өмір өзі дәлелдеген.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«Қайран, қазақтың ақшасы…»: Белгілі спорт журналисі «Астана» футбол клубын сынап тастады
16-17 желтоқсанда Қазақстан-Қытай шекарасында өткізу пункттері жабылады
Атырау ауруханасында 10 айлық сәби көз жұмды
Қазақстан-Қытай шекарасының жұмысы тоқтатылады
Еліміздің 16 өңіріне дауылды ескерту жасалды
«Америка дауысының» жетекшісі өзгерді, оның Қазақ радиосына қандай қатысы бар?
Шымкентте әйелін буындырып өлтірген ер адамға үкім шықты
Перизат Қайраттың қымбат мүліктері бұғатталды
Биыл қазақстандықтар емханаға 103 млн рет жүгінген
Қазақстан мен Марокко қылмыстық-құқықтық саладағы келісімдерге қол қойды
Mercedes, Rolex, Gucci – сот Перизат Қайраттың бірқатар мүліктерін тәркіледі
Алғабаста 4 мың тұрғынға арналған сумен жабдықтау құрылысы аяқталды
Шымкентте 50 жастағы ер адам бір жыл бұрын үйленген келіншегін буындырып өлтірді
Перизат Қайраттың элиталық пәтерлері, қымбат көліктері бұғатталды
Перизат Қайраттың қымбат әшекей бұйымдары тәркіленді
Өзбекстан боксшысы тістеп алған Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионы атанды
Тәуелсіздік күні мен Жаңа жылға орай қосымша рейстер іске қосылады
Перизат Қайраттың қымбат пәтерлері мен көліктері тәркіленді - ҚМА
Алматы облысындағы зауытта жұмысшының аяғы рельстің астында қалып қойған
Перизат Қайраттың мүлкіне шектеу қойылды
Мереке күндері қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Су дипломатиясы: көршілермен ынтымақтастық және халықаралық бастамалар қандай
Синоптиктер Алматы тұрғындарына ескерту жасады
"Tasqyn": Су тасқынын болжайтын ақпараттық жүйе әзірленіп жатыр