"Бесінші индустриялық революцияның жаңалығы – адам мен робот синергиясы", - ғалым

Жасанды интеллект, интернет, блокчейн, криптовалюта - төртінші индустриялық революцияның игіліктері. Адамзат өмірінің сан саласына еніп, талай тапсырманы жеңілдетті. Дегенмен автоматтандыру адамзаттың маңыздылығын әлсіретіп, наразылық та туғызды. Ғалымдар алдағы 5-10 жылда келесі даму кезеңіне өтеміз деп отыр. Бесінші өндірістік революцияның басты қуаты не болады? Отандық футурологтардың дайындығы қалай? Тілші Айсәуле Съезбек тарқатады. Назарбаев университетінің докторанты Әйгерім Нұрбаева робот пен адамның физикалық қарым-қатынасын зерттеп жүр. Нақтырақ айтсақ, өнеркәсіпте өзара бірге жұмыс істеу алгоритмін жазады. Автомат әріптестің адам үшін қауіпсіз болуын қадағалайды. Ғалымның айтуынша, бұл зерттеу - бесінші индустриялық революцияның басты жаңалығы болмақ. Әйгерім НҰРБАЕВА, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ «РОБОТОТЕХНИКА ЖӘНЕ МЕХАТРОНИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОКТОРАНТЫ: Яғни, адамның роботқа қауіпсіз болуын қамтамасыз ету үшін нешетүрлі методтарды қолданып жұмыс жасау керек. Біз мысалы SS мониторинг деген жұмысты пайдаланамыз. Роботтың қасына адам жақындап кетсе, робот тоқтауы керек. Бір метр қашықтықта жүрсе, робот өз жұмысын жай жасауы керек. Ал адам роботтан өте алысқа кетсе, онда робот барлық күшімен өзінің жұмысын тез аяқтауға міндетті болу керек. Автоматизация дамыған бірқатар ел әуресі көп жұмыстармен айналысудан әлдеқашан бас тартқан. Есесіне, медицинада «Да Винчи» атты робот-хирургтар операция жасап жүр. Ал мысық пен күшік кейпіндегі робот жануарлар альцгеймермен ауыратын зейнеткерлердің көмекшісі ретінде тесттен өтіп жатыр. Робототехниканы тезге қоймасақ, Қазақстан арзан жұмыс күшіне айналады, - деп отыр Әйгерім. Өйткені өндірісті тездетіп, экономикаға қарқын беретін ендігі күш - робот пен адамның синергиясына түседі. Әйгерім НҰРБАЕВА, НАЗАРБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ «РОБОТОТЕХНИКА ЖӘНЕ МЕХАТРОНИКА» КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОКТОРАНТЫ: Ғылым дамыған мемлекеттерде өмір сүру жағдайы жоғары. Ол елдердің өздері өмір сүру сапасы төмен Бангладеш, Индонезия сияқты елдерге өздерінің зауыттарын апарып, сол жердегі халықтың арзан жұмыс күшін пайдаланып отыр. Енді біздің ел де сондай елдердің қатарына кіріп кетпеу үшін, біздің ел де жай ғана арзан жұмыс күші емес, біз де интеллектуалды жұмыс күшін көрсете алатынымызды дәлелдеу үшін ғылымды дамыта беруіміз жөн деп ойлаймын. Қазақ робототехниктерінің ғылыми кеңістікте әлем ғалымдарымен терезесі тең, - дейді зерттеуші. Тек өндіріс ошақтарының коботтар арқылы өнімділікті арттыруға құлшынысы әзірге төмен. Екінші жағынан робот өндіретін отандық кәсіпорынның жоқтығы жаңа революцияның ауылын алыстатып отырған көрінеді. Әйтпесе, STEM саласында қазақ жастарының қызығушылығы мен қабілеті жоғары. Әсіресе, роботттың тілін тауып, бағдарламалап жүрген қазақ аруларының үлесі басым.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстан мен Ресейдің шекарасында 500-ге жуық жүк көлігі жиналып қалған
"Алматы жастары" бағдарламасы бойынша қосымша іріктеу болады
Биыл қазақстандықтар емханаға 103 млн рет жүгінген
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Құтқарушының құрметті жолы
Мемлекет басшысы Ескелді би ауылындағы спорт кешеніне барды
Су тасқынына қатысқан батыр Аят Сералиев «Жақсы адам-2024» сыйлығына ие болды
Жас өнерпаздарға қанат бітірген байқау
Биыл ел тұрғындары 1 млн-нан астам қымбат зерттеулерден өтті
Ресей шекарасында кептеліс не үшін туындады?
Алдағы мереке күндері елімізде қосымша теміржол пойыздары мен әуе рейстері іске қосылады
Назарбаев резиденциясының орнына халыққа арналған кешен салынбақ
Биыл елдегі үш ірі теміржол вокзалы толық жаңартылды
Қазақстанда «Tasqyn» ақпараттық жүйесі әзірленуде
Биыл Қазақстан волонтерлікті дамытуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді