Түркістанда бесінші сынып оқушысына өзінен бір класс жоғары оқитын бала зорлық көрсеткен. Жаға ұстатарлық сұмдық оқиға Төле би ауданында болған. Бұл туралы полицияға оның анасы хабарлаған. Бұған қатысты іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жұмысы жүріп жатыр.Гүлнар ӘБДІРАХМАНҚЫЗЫ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ: Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 121-бабы бойынша тіркелді. Оқиға орнына жедел тергеу тобы келіп, барлық қажетті іс-шараларды өткізді. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды. Сараптама қорытындысы бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады. Аталған жайт Түркістан облысы Полиция департаментінің жеке бақылауында.