Бейжіңде екі метро пойызының соқтығысуы салдарынан 500-ден астам адам ауруханаға жеткізілді. Оның 102-сі ауыр дене жарақатын алған, деп жазады KAZ.NUR.KZ. Оқиға бейсенбі күні кешкі уақытта орын алған. Соқтығысқа қалың жауған қар себеп болған. Жұма күні таңертең зардап шеккен 423 адам ауруханадан шығарылған. Ал 67 адам дәрігерлердің бақылауында болса, олардың 25-і қосымша күтімді қажет етеді. Қытай астанасындағы қоғамдық көліктерде мұндай оқиғалар жиі бола бермейді. "Қолайсыз ауа-райы сигнал беру жүйесінің істен шығуына әкеліп соққан. Ал пойыздардың бірі мәжбүрлі түрде тежеуді күрт басып, артында келе жатқан пойыз тоқтап үлгермеген", - деп түсіндірді Бейжің көлік департаменті. Соқтығыс салдарынан пойыздардың бірінің екі вагоны рельстен шығып кеткен. Оқиға орнынан түсірілген көптеген бейнежазбалардан екі пойыздың да жолаушыларға лық толы болғанын байқауға болады. Пойыздарда жарық өшіп, адамдар қараңғыда, кептелісте қалған. Кейбіреулер әйнекті сындырып, ішке таза ауа жіберу үшін апаттық балғаларды пайдаланды. Көптеген қытайлық әлеуметтік желіде көлік органдарын сынап, желіде пікір қалдырған. "Пекин метросында шынымен де жолсерік жоқ па? Тұрақты тексерулер жоқ па? Біз жүздеген адамның өмірін тым жеңіл қабылдаймыз ба", - деп жазды Weibo қолданушыларының бірі.