Бейіттерді тонап, ескерткіштерді қиратып жатыр. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Сергей Пономарев Үкіметтен вандализммен күресті күшейтуді талап етті. Ол еліміздегі тарихи-мәдени нысандарға бейнебақылау орнатуды ұсынды. Айтуынша, биыл ресми түрде мыңнан астам бұзақылық оқиғасы тіркелген. Олар қалалар мен ауылдарда ғана емес, қорықтарда, ескерткіштер мен табиғи саябақтарда да жиілеп кеткен. Елімізде 25 мыңнан астам тарихи-мәдени мұра нысаны мен 12 мың ескерткіш бар. Көбі өзінің тарихи құндылығы мен сипатын жоғалтқан, тозған дейді депутат.Сергей Пономарев, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұзақылықпен күрес тек әкімшілік және қылмыстық жазамен шектелмеу керек. Мәселе кешенді түрде шешуді талап етеді. Мысалға өте көп тарихи орындарды келтіруге болады. Кеше Алматы облысында «АМАNАТ» партиясы жанындағы облыстық партиялық бақылау комиссиясы мен экологиялық кеңестің бірлескен отырысында «Аққайнар» және «Тамғалы-Тас» кешендерінің нашар көрінісін көрдік. Бұл ведомствоаралық өзара іс-қимылдың әлсіздігін, мемлекеттік органдардың бұзақылықпен күресу бойынша нақты шаралардың жоқтығын, қаржының тиімсіз пайдалануының, техника мен мамандардың жетіспеушілігін көрсетеді.