"Билет алып қойдық": Гүлзира Айдарбекова су басқан өңірлерге баратынын айтты

Осыған дейін өнер адамдары су тасқынынан зардап шеккен халыққа 25 млн теңге қаржылай көмек жинаған болатын. Продюсер Гүлзира Айдарбекова әріптестерімен бірге су тасқынынан зардап шеккен өңірге баратынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ. "Батыстағы, шығыстағы, солтүстіктегі, орталықтағы, жайсаң жұртым! Дәл қазіргідей уақытта алаң көңіл халыққа ақыл айтып, ақылгөй болғым келмейді. Тек ана көңілім жараланып қалғанын мойындаймын. "Әкемнен қалған көз еді", "Анамның иісі шығып тұратын шаңырақ еді" деп езілген жандарды, шошынып қалған балаларды, қарияларды көріп қалай езілмейін? Тағдыры күреске толы қазақ халқы қашан қамсыз өмір сүреді екенбіз? Бәріңіз бөтен емессіздер. Ұлым сахнаға жаңадан шыға бастағанда қолдап, қиялына қанат бітірдіңіздер. Соның бәрін ұға тұра, сезе тұра біз қалай қамсыз отырайық? Әрине өнер адамдары жұрт деп жұмылудамыз. Барлық жағдай түзелгенше, бірнеше рет қаржы жинаймыз. "Ауызбіршілігімізді жоғалтпайық" деп отырмыз. Бәріміз қарғын су құрсауындағы ағайынға көңілімізбен де, көмегімізбен де демеу болуды ойлап отырмыз. Сіздермен "Жүздесеміз, көзбе-көз ақылдасамыз" деп 15-нен бастап жолға шығуға билет те алып қойдық. Біраз әріптесіміз апат болған жерде, халықтың ортасында жүріп, бізді хабардар етіп отыр. Біздің өнер адамдары ел басына күн туған қай уақытта да жай отырған емес. Қолынан келгенін істеп, болысып жүреді. Бұл жолы да солай жүйелі жоспар құрдық. Жер-жердегі өнерпаздар бізді қолдап жатыр. Халық қамы үшін көтерілген қазандыққа бұйырған жәрдемімізді саламыз. Жаратушы еліме, жеріме жар болсын", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова Instagram-дағы парақшасында.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Енді баспана беру кезінде кезекке тұрған мерзім ескеріледі
Жамбыл облысында қария мен 4 немересі өрттен құтқарылды
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
Қазақ ұлттық консерваториясының 80 жылдығына орай мерейтойлық марафон басталды
«Астана» мен «Челси» арасындағы ойынның билеттері сатылымға шығады
Бүгін - әскери-ғылыми қызметкерлер мен педагогтар кәсіби мерекесі
Илон Маск қайтадан жер бетіндегі ең бай адам атанды
Әлем чемпионатында еліміздің әскер спортшылары үш алтын және төрт қола олжалады
Еліміздің сейсмологтары үш рет жер сілкінісін тіркеген
Жексенбіге жасалған күн райының болжамы
Қостанайда ит қапқан 13 адамнан құтыру диагнозы анықталды
WhatsApp-тағы дауыстық хабарламаны мәтін түрінде оқуға болады
Павлодарда 10 күн бұрын жоғалған әйел табылды
Жетісуда жабайы сауда көбейген
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда адамдар аспалы жолда тұрып қалды: 24 қараша 2024, 13:34 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады
Алматыда адамдар аспалы жолда “қалып қойды“
24 қараша - әскери-ғылыми қызметкер және педагог күні
Каспий теңізінде итбалықтардың жаппай қырылуынан келген шығын көлемі 1,5 млрд теңге болған
Қазақстандық сейсмологтар бір тәулікте үш жер сілкінісін тіркеді
Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Гран-при  турнирінде "күміс" алды
Ақтөбеде әскери бөлімдердің бірінде мерзімді әскери қызметші көз жұмды