Билл Гейтс вакцина қаупін мойындағаны рас па?

Желіде Билл Гейтс COVID-19 қарсы вакцинацияның қаупін мойындады деген ақпарат таралып жатыр. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, Гейтс вакциналар аурудың өзінен әлдеқайда қауіпті деп мәлімдеген. Бұл шындыққа жанаспайды, - деп хабарлайды Massaget.kz. Билл Гейтстің мәлімдемесі ресейлік mk.ru жаңалықтар порталынан алынған. Бұл мақалада тілші ProNews грек сайтына сілтеме жасайды. Онда да Гейтс вакцинацияның қателік болғанын мойындаған деп жазылған, тіпті оның сөйлеген сөзінің видеосы да ұсынылған.Алайда видеода Гейтс "вакцина" сөзін қолданбайды және олардың қаупі туралы айтпайды.Бұл видео - Гейтстің Нью-Йоркте өткен "Келесі пандемияны қалай болдырмауға болады" атты кітабының тұсаукесерінде сөйлеген сөзінен алынған үзінді. Толық видеоны Желіден көруге болады.Билл Гейтс өз сөзінде пандемияға ұласпай тұрғанда адамдардың COVID-19-ға көзқарасы қандай болғаны жайлы айтады."Ол кезде өлім-жітім осындай болады деп ойламадық, бұл аурумен негізінен егде жастағы адамдар ғана ауырады және ол басқаша болса да, тұмау сияқты деп ойладық. Бұл өте қорқынышты кезең болды, күллі әлем, соның ішінде Америка Құрама Штаттары дайын болмады", - дейді Билл Гейтс видеода.Ол вакциналардың қаупі немесе олардың зияны ауруға қарағанда әлдеқайда артық деп айтпайды. Демек бұл - жалған хабарлама. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматыда Тәуелсіздік күніне орай өтетін іс-шаралар белгілі болды
Жұмаға арналған ауа райы болжамы
АЧ финалында өзбек боксшы финалда қазақ қарсыласын тістеп алған
Алматыда «Француз үйі» атауы заңсыз пайдаланылғаны анықталды
Франсуа Байру Францияның жаңа Премьер-министрі болып тағайындалды
Алматыда «Мемлекеттік қызмет» музейі жаңа форматта ашылды
Шерзат Полаттың әкесіне қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Алматыда автобустың жол жүру уақыты қысқарады
Қаңтардан қаңтарға дейін...
Шымкентте күн күрт суытады, Алматы мен Астанада қар жауады
«Муфаса. Арыстан патша»
Терроризм туралы жалған хабарлама таратқандар қатаң жазаланады
Мемлекет басшысы Үштөбе қаласында орналасқан Кемел Тоқаев атындағы орта мектепке барды
Жаңа электропойыз «Астана — Боровое» маршруты бойынша жүре бастады
«Астана — Боровое» бағыты бойынша жаңа электропойыз жүре бастады
Президент Қаратал ауданының қорғаныс істері бөліміне барды
Air Astana серіктестерді ESG-ге қосқан үлесі үшін марапаттады
Қазақстандықтар eGov Mobile арқылы Қазпоштаның посылкаларын бақылай алады
«Ата-әжесіне қамқор болды». Метрода қаза тапқан жігіттің кім екені белгілі болды
Шерзат Болаттың әкесіне қатысты аппелляциялық сот шешімі шықты
Қазақстан Венгрияда функционалды көпсайыстан әлем чемпионатына қатысып жатыр
Балаларға бастапқы білім беру капиталы
Астанадан Бурабайға жаңа туристік пойыз жолға шықты
Түркістан облысында 10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды