«BIRGEMIZ» жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталады

Еліміздің барлық өңірлерінде «Birgemiz»жалпыұлттық жобасы аясында волонтерлік саладағы нақты жергілікті міндеттерді шешу үшін бастамаларды жүзеге асыруға арналған шағын гранттар байқауы басталады. Өтінімдерді «Birgemiz» жобаларын жүзеге асырып, шағын гранттар байқауына қатысу мәселелері бойынша кеңес беретін 8 ҮЕҰ қабылдайды.«Birgemiz гранттық бағдарламасы» Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының гранттық қаржыландыру аясында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша үшінші жыл қатарынан табысты жүзеге асырылуда. Мемлекеттік гранттарды волонтер боп саналатын, кәмелетке толған қазақстандықтар және бастамашыл топтар мен ҮЕҰ-лар ала алады. Байқау аясында 300 000 теңгені құрайтын 240 шағын грант беріледі:Bilim – Волонтерлерді тарту арқылы халықтың әртүрлі топтар арасында, оның ішінде ауылдық жерлерде цифрлық, қаржылық, тілдік, компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру;Денсаулық сақтау саласында волонтерлерді тарту, оның ішінде стационарлық жағдайда ем ұсынатын медициналық мекемелерге (хоспистер, онкологиялық диспансерлер және т.б.) волонтерлерді тарту;Балалар үйлеріндегі балаларға, сондай-ақ әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар мен жастарға, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобаларда волонтерлерге тәлімгерлік ету тәжірибесін енгізу; Қоршаған ортаны қорғау, өзендер мен ормандарды тазарту, ағаш отырғызу, қоқыстарды сұрыптауға үйрету және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;Тарихи-мәдени мұра нысандарын сақтау және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар; Қарттар үйлеріндегі, халықты әлеуметтік қорғау жүйесінің әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарындағы волонтерлік қызмет және осы бағытқа сәйкес келетін басқа да жобалар;Жоғалған адамдарды іздеу, апаттар қаупін азайту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою;жануарларға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыру.Өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 25 сәуірден 14 мамырға дейін жалғасады. Қажетті құжаттардың тізімі, ұйымдастырушылардың байланыс нөмірлері, сондай-ақ басқа да ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының https://cisc.kz/ сайтында орналасқан.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырау облысында мопед қаққан жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды
TOU студенттері сыбайлас жемқорлыққа қарсы ойында үздік атанды
Бүгін Қыдырәлі Болмановтың туған күні
Астаналықтар экологияны жақсарту бойынша жобаларын ұсынды
Бішкектегі наразылықтар: Қырғызстан мен Пәкістанның СІМ басшылары Астанада кездеспек
Атырау облысында мопед қаққан жасөспірім жансақтау бөлімінде көз жұмды
Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды
Дзюдодан әлем чемпионаты: Әбиба Әбужақынова алғашқы белдесуінде жеңіске жетті
"Қолымнан ештеңе келмейді". Қара бетперде таққан жігіт жертөледе тұрған отбасыға пәтер сыйлады
Сердечный приступ случился у водителя за рулем пассажирского автобуса в Павлодаре
Бүгін Қазақстанның хоккей құрамасы АҚШ-пен кездеседі
Қазгидромет 20 мамыр күнгі ауа райы болжамын жариялады
Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды
Александр Усик абсолют чемпион атанды
Қазақстандық спортшы Азия біріншілігінде чемпион атанды
Сәтпаев университетінің оқытушылары су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетіп жатыр
Астанада «Әке мен бала» форумы өтті
Ақмолалық тұрғын скутер аламын деп, алаяққа тап болған
Сарыағаштағы 3 жасар қыздың өлімі: полиция істің мән-жайын мәлімдеді
Fitch рейтингі: Қазақстанның тәуелсіз кредиттік деңгейі "тұрақты" деп бағаланды
Атырау облысының әкімі тасқын қаупі жоғары елді мекендерді аралады
Павлодарда трамвай бағанына соғылған автобус жүргізушісі көз жұмды
Павлодарда автобус жүргізушісі трамвай бағанасына соғысып, көз жұмды
Алматыда оқушылар ардагерлермен кездесті