Биші әжелер Баку қаласында өткен би фестивалінде гран-при жеңіп алды

Астаналық кейуаналар Баку қаласында өткен халықаралық би фестивалінде гран-при жеңіп алды. 12 мемлекет қатысқан бұл сайыста әжелерден құралған "Қамажай" би ансамблі қазақтың ұлттық биін билеп, көрермендерді таңқалдырды. Ансамбльдің 8 мүшесі бар. Олар - 67 пен 75 жас аралығындағы зейнеткерлер. Әр жарысқа олар үлкен жауапкершілікпен қарайды, тіпті көйлектердің үлгісін өздері ойластырып тігеді. Қазақтың ұлттық билерін жас ұрпаққа өнеге қылып қалдыру басты мақсатымыз дейді. Сыргакуль ДУТБАЕВА, АНСАМБЛЬ МҮШЕСІ:Біздің мақсатымыз осы халықтың бидің, әр-түрлі қимыл қозғалыстарын келесі ұрпақтарға жалғастыру, үйрету. Соларды қазір жинақтап соны қазір өзіміздің биге қосып жатырмыз Мадина Ахметова 40 жыл хореограф болған. Зейнетке шыққаннан соң да өмірлік ісімен айналысып келеді. Қашанда тың әрі ерекше қимыл-қозғалыстар ойлап табуға тырысады. Мадина АХМЕТОВА, ХОРЕОГРАФ:Зейнетке шыққаныма 12 жыл болды. Бір жыл бұрын «Әжелер ансамблін» құрдым. Зейнеттегі әжелерді көргенде міндетті түрде оларға бимен айналысуға кеңес беремін. Себебі би бұл біздің жасымыздағылар үшін тамаша спорт. Медитация жасау арқылы жаңа би шығаруға деген шабытым ашылады. Әжелер арнайы орталықта ерікті қызметін атқарып жүріп танысқан. Сол сәттен бері бірге. Олар 4 мәрте халықаралық би жарысына қатысып, жеңімпаз атанған. Сәуле АКАШЕВА, АНСАМБЛЬ МҮШЕСІ:Мен жасөспірім шағымда кәсіби бимен айналыстым. Тұрмыс құрғаннан соң бимен айналыса алмадым. Билеу арманым болатын. Мадина ханымды кездестірген соң ойланбастан ансамбльге мүше болдым. Қазір жасым 67 – де арманымды жүзеге асырдым. Бүгінде әжелердің әлеуметтік желіде біраз жанкүйерлері бар. Қазір олар Астанада өтетін халықаралық сайысқа қызу дайындалып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Жаңа жыл қарсаңындағы билет тапшылығы шешіле ме?
Елордада JOLTAP жобасының қорытындысы шығарылды
Елге көлік кіргізу ережесін қатаңдатудың салдары қандай болмақ?
Бүгін ел аумағында тұрақсыз ауа райы күтіледі
Шымкентте жаңа жыл түні 2 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Ұшақ апатынан қайтыс болған жолаушылардың туыстарына қолдау көрсетілуде
Олимпиада чемпионы Давид Дегтяревке әкімдік ақшалай сыйақы табыстады
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Абай облысында пәтер тонаушы ықпалды ұрылар тобы ұсталды
СҚО-да көп балалы аналарды құрмет көрсетілді
Адам қанша мандарин жесе өліп кетуі мүмкін?
Жаңа жылыңмен деп құттықтаудың өзі күнә, шариғатта рұқсат жоқ – блогер (ВИДЕО)
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді
29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Абай облысында «қылмыстық гастрольдік квартет» атанған пәтер тонаушылар тобы ұсталды
Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?
Қарағанды облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді
Жаңа жыл қарсаңындағы билет тапшылығы шешіле ме?
ТЖМ құтқарушылары 40 адамды эвакуациялады