Бишімбаев екі айға уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұл туралы Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты хабарлады. Басқа ақпараттар жария етуге жатпайды. Астана қалалық Полиция департаменті мейрамханада әйелді өлтіру дерегі бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-бөлігі "Кісі өлтіру" тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлайды."Күдікті Астана қаласы ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды. Істің объективті мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді тергеу шаралары жүргізілуде. Тергеу барысы Ішкі істер министрлігі басшылығының бақылауында. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғандығын еске саламыз”, – делінген хабарламада.