Қуандық Бишімбаев марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатыгездікпен өлтіргенін мойындамады. "Маған қандай да бір сөз айту қиын. Мені кешіреді деп те ойламаймын. Бірақ кешірім сұрау - менің адами парызым. Бұл орны толмас қайғы екенін және оған менің қатысым барын білемін. Екіншіден, мен кінәмді мойындамаймын деген сөзімді түсіндіре кетейін. Мен әдейі, аса қатыгездікпен өлтірді деген сөзбен келіспеймін", - дейді Бишімбаев.