Биыл Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне 80 жыл

Биыл еліміздегі іргелі көпсалалы жоғары оқу орны – Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне 80 жыл. Бүгінде терең тарихы қалыптасып, білікті кадрлардың шеберханасына әрі ғылым ордасына айналған университетте сүйінші жаңалық көп. Мерейтойға арналған салтанатты жиынға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек пен Мұхтар Әуезовтің Нидерландтан арнайы келген немересі Зифа Әуезова қатысты. Жиналғандар әуелі заңғар жазушының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Шығыстанушы Зифа Әуезова мерейтойға құр келмепті. Ұлы Абайдың қара сөздерінің голланд тіліне аударылған нұсқасын тарту етті. Еліміздегі ең ірі университеттердің бірі саналатын білім ұясында жақсы жаңалық көп. Соның бірі - Оңтүстік Қазақстан өңірлік университетіне «зерттеуші университет» мәртебесінің берілуі. Саясат НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ: Президент тапсырмасымен 15 өңірлік университет іріктеліп, олардың негізінде ғылыми үлкен зерттеу орталықтар ашылуда. Енді арнайы қаржыландыру бөлінеді. Зертханалар, жабдықтау, ғылыми зерттеу орталықтары жаңартылады. Ғылым мен техникасы дамыған дәуірдің көшіне ілескен заманауи оқу ордасында қазір 28 мыңға жуық студент білім алуда. Болашақ мамандарға 2 мыңға тарта оқытушы-профессор білім береді. Университет түрлі халықаралық рейтингтерде жоғары орындарға ие болып жүр. Ал, Қазақстанның үздік жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінің қорытындысы бойынша 2 орынды иеленіп отыр. Ғабит СЫЗДЫҚБЕКОВ, ҚАЛА ӘКІМІ: Басында 2 факультеттен, 7 кафедрадан ғана басталған екен 1943 жылы университетіміз. Қаншама түлектер шығып жатыр осы еліміздің дамуына үлесін қосып отырған азаматтар, үлкен ағаларымыз осы университеттің түлектері болып табылады. Зифа ӘУЕЗОВА, М. ӘУЕЗОВТІҢ НЕМЕРЕСІ: Университеттің дамығанын көргеніме өте қуаныштымын. Студенттердің саны және жас зерттеушілер, олардың да саны өсіп, университеттің білім сапасының бағасы соншама жоғары болғанына қуаныштымын. Мерейтой аясында «Білім, ғылым және инновациялар» халықаралық форумы ұйымдастырылды. Сондай-ақ дәрісханалар мен ғылыми зертханалар ашылып, шара мерекелік концертпен қорытындыланды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді
Қазақстанның басым бөлігінде боран болып, тұман түседі
Алаяқтар «айыппұлмен» алдауға көшті
Ақмола облысында төрт жасар бала 39 магнитті жұтып қойды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қазақстанның былтырғы күзде қанша астық экспорттағаны белгілі болды