Елімізде кейбір салалар бойынша маман жетіспейді. Әсіресе, энергетика, мұнай-газ индустриясы, ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі, көлік және логистика, IT бағытында кадр тапшы. Ал Алматы әкімдігі жастарға 2,5 пайыздық несие беру жобасын кешіктіріп жатыр. Үкіметтің алдында биыл 1 миллион адамды жұмыспен қамту мәселесі тұр. Межені орындау үшін өңір әкімдері бос жұмыс жәрмеңкелерін жиі ұйымдастыруы қажет. Премьер-министр бүгін осындай тапсырма берді. Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ: Қазіргі таңда 734 мың адам жұмыспен қамтылды. Олардың жартысы – жастар. Қалған 2,5 айда жоспарлы көрсеткіштердің бәрі орындалуы тиіс. Әр өңірдің өзінің жұмысқа орналастыру жоспары бар. Онда әрбір өңірдегі еңбек нарығының ерекшеліктері ескерілген.