Биыл 13 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерді

«Біз ауқымды индустрияландыруды, инфрақұрылымдарды салуды және жаңғыртуды қолға аламыз». Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында осылай деген. Инфрақұрылымды дамыту мақсатында 1 жыл ішінде жүйелі жұмыстар атқарылды. Өңірлерде инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым нысандарын салуға 5,4 млрд теңге бөлінді. «Қолжетімді интернет» жобасы бекітілді. Қалған өзгерістерді Сүндет Оралбек сабақтасын. Сүндет ОРАЛБЕК, ТІЛШІ: Қазір инфрақұрылымға басты назар беріледі. Тіпті жер телімі жол, жарық, су құбыры тартылмаса халыққа үлестірілмейді. Кейін мәселе туындамас үшін. Құрылыстың да қарқынды жүріп жатқанын барлық қалада байқалады. Жыл басынан бері 13 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй бой көтерді. Өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға артқан. Осындай құрылысқа қарап қашан баспаналы боламын деп жүргендерден сүйінші сұрайын. 2029 жылға дейін 1 миллионнан астам отбасы қоныс тойын тойлайды. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Мемлекет жаңа тұрғын үйлер салады. Барлық өңірдегі жергілікті инфрақұрылым мен инженерлік коммуникацияларды жаңартады. Біз сапалы жұмыс орнын қамтамасыз етеміз, әр азаматтың өзін дамытуына тең мүмкіндік жасаймыз. Мұның бәрі өңірлерді тұрғындар мен инвестициялар үшін тартымды етеді. Биыл Президент пәрменімен көлік министрлігі құрылды. Мемлекет транзиттік дәліздердің жүк айналымы мен өткізу қабілетін арттыруды қолға алды. Бұл ел экономикасына инвестиция тартуға жаңа мүмкіндік. Көлік-логистикалық әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы бекітілді. Осылайша 2023-2025 жылдары 1 мың үш жүз шақырымнан астам теміржол салынады. 2030 жылға дейін 11 мың шақырым шойын жол жөнделеді. Геннадий ШИПОВСКИХ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Инфрақұрылым мәселесіне келер болсақ, үлкен бір қуантарлық жағдай, көлік министрлігінің құрылуы. Мұның өзі біздің көптеген мәселемізге жауабын береді. Үкімет мүшелеріне жүктемесі азаяды. Қазақтың жақсы сөзі бар, тауық сойса да қасап сойсын деген. Енді әрбір маман өндіріспен айналысады, әрбір маман өзінің жол мәселесімен айналысады. Өңірлерді газбен қамтамасыз ету үшін «QazaqGaz» ҰК» АҚ Қашаған кен орнында қуаты жылына 1 млрд текше метр болатын Газ өңдеу зауытының құрылысы жүріп жатыр. Сондай-ақ Қашаған мен Қарашығанақта жылына 6,5 млрд текше метр газ өңдейтін жаңа зауыттың құрылысы жобалануда. Бұл ауқымды жобалар ел экономикасының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарының ашылуын қамтамасыз етеді. Шәкәрім БҰҚТҰҒҰТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ: Инфрақұрылымның көрсеткіштері өнімділік жағынан, өнеркәсіп жағынан бәрін озып келе жатыр. Былай айтқанда, 100 пайызға жақындап қалды Президенттің сайлауалды бағдарламасында алдымызға қойған тапсырмалары. Халықты жылдамдығы 100 мбит/с болатын интернетпен қамту үшін «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді. Жоба аясында жалпы республика бойынша шағын және орта байланыс операторларын қолдау арқылы 400 мың үй шаруашылығына жылдамдығы жоғары интернет жүргізілетін болады. Сонымен қатар 3 мыңнан астам ауылда желілерді монтаждау жоспарланған. Республикалық және облыстық автожолдарды интернетпен қамту үшін 487 антенна орнатылмақ. Бұл 17 мың шақырым автожолды мобильді интернетпен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда күре жолдардың 30пайызында мобильді интернетке қол жетімді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке қамауға алынды
Қостанай облысында 25 медициналық нысан салынады
Қаржы пирамидалары 20 млрд. шығын келтірген
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
Алматыда бейнебақылау арқылы қылмыс азайды
Мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен алғаш рет секірді
Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
Бокстан Азия чемпионатында тағы бір алтынды Айбек Оралбай алды
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтынды салды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
Ғылым мен мәдениеттің тоғысқан тұғыры
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді