Биыл 140 мыңға жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

Елімізде биыл 140 мыңға жуық тұрғын үй пайдалануға берілді. Осынша отбасы жаңа баспанада қоныс тойын тойлады. Мемлекет басшысының сайлауалды бағдарламасында тұрғындарды үймен қамтамасыз ету және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық жүйесін кешенді жаңғырту бағыты бойынша нақты міндеттер белгіленді. 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салу, үлескерлердің қатысуымен салынып жатқан проблемалық үйлердің барлығының құрылысын аяқтау, 40 мыңға жуық апатты және тозығы жеткен тұрғын үй иелерін жаңа баспанамен қамтамасыз ету, жаппай тұрғын үй құрылысы жүріп жатқан аудандарда инженерлік коммуникациялар жүргізу жұмыстарын жандандыру, елді мекендердің 100 пайызын сумен жабдықтау, жылумен және сумен жабдықтау, су тарту желілерінің тозу көрсеткішін 40 пайызға дейін төмендету жоспарланған.Биыл елімізде 15 млн шаршы метрден астам жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді. 140 мыңға жуық отбасы жаңа баспанаға қол жеткізді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16 пайызға артық. Жалпы республикада 134 мың тұрғын үй пайдалануға берілсе, оның 32 мыңнан астамы – жеке тұрғын үй. Сондай-ақ құрылыс жұмыстарының көлемі 5,9 трлн теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 12,6 пайызға артық. 73 млрд теңгеге 41 жоба іске қосылды. Құрылыс материалдарын өндіру 1 трлн теңге. Елде 560 мың шақырым жылу, 1,7 мың шақырым сумен жабдықтау, су тарту желілері жөнделді. Сонымен қатар 2027 жылға дейін жол картасы бекітілді. Құрылыс индустрия саласында 270 жобаға 1,8 трлн теңге қаржы қарастырылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шерзат Болаттың ағасының өліміне байланысты сараптама қорытындысы жарияланды
Салықтан босатылған Назарбаев университеті миллиардтаған бюджет қаржысын тиімсіз жұмсаған
Шерзаттың жездесі де қамалды
Марқұм Шерзаттың жездесі де қамалды
Мереке күні полиция күшейтілген режимде жұмыс істейді
Қазақстан ауыр атлетика федерациясына жаңа басшы келді
Қазақстанда қанша қаржы компаниясы жұмыс істейді?
Тұрғын үйді несиеге алатын Қазақстан азаматтарының саны күрт артты
Музыка ғасыры Жанар Сүлеймановамен шексіз гармонияға саяхат
Елдос Сметов «Жылдың үздік дзюдошысы» марапатынан үміткер
Алматыда бейнебақылау арқылы қылмыс азайды
Мерзімді қызмет сарбаздары парашютпен алғаш рет секірді
Алматыда полиция студенттердің жатақханасын тексеріп жатыр
Алматы полициясы күшейтілген режимге көшті
Алматыда полиция қарақшыларды ұстады
Бокстан Азия чемпионатында тағы бір алтынды Айбек Оралбай алды
Сағындық Тоғамбай бокстан Азия чемпионатында ел қоржынына үшінші алтынды салды
Шерзат Болаттың өліміне қатысты тергеу аяқталуға жақын
Қала тұрғындары үшін жайлылық: Алматы қаласы Жетісу ауданының тұрғындары нені мақтан тұтады
Қазақстандық фильм спорттық фильмдер фестивалінде екі марапатқа ие болды
Қазақстандық мектептерде медиация қызметтері пайда болады
Ғылым мен мәдениеттің тоғысқан тұғыры
«Назарбаев» әлі де өз күнін өзі көре алмай жүр...
Алматыда 29 жасөспірім полицияға жеткізілді