Биыл 156 мыңнан астам балаға жазғы демалыс ұйымдастырылады

Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен биылсу тасқынынан зардап шеккен Ойыл ауданының 5-11 сыныптарында оқитын 161, Ырғыз ауданының да 5-11 сыныптарында оқитын 1135 оқушысы аралық емтиханнан және қорытынды аттестаттаудан босатылады.Бұл туралы облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен жиында облыстық білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан айтып берді.Оның айтуынша, облыстағы мектептерде биылғы оқу жылы 25 мамырда аяқталады. 24 мамырда барлық мектепте 1-10-сынып оқушыларына «Білімім — Отаныма» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтеді. Ал 25 мамырда мектеп түлектерінің қатысуымен «Мектебім, саған мың алғыс!» атты салтанатты іс-шара ұйымдастырылады.«Биыл облыс бойынша 11-сыныпты 9236 түлек бітіреді. Аттестатты салтанатты түрде табыстау 12-15 маусым аралығында өтеді. Су тасқыны жағдайына байланысты екі ауданның түлектері қорытынды аттестаттаудан босатылады. Сондай-ақ биыл облыс бойынша 156 743 балаға жазғы демалыс ұйымдастыру жоспарланып отыр. Жазғы маусымда 8 сауықтыру орталығы, 673 мектеп жанындағы лагерь жұмыс істейді. Қазіргі таңда қала сыртындағы лагерьлерде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр», — деді Ж.Сұлтан.  Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2024-2027 жылдары республика бойынша балаларға арналған 50 сауықтыру орталығын ашу жоспарлануда. Бұл орайда өңірімізде 3 лагерь ашу міндеті қойылған. Биыл Қобда ауданы Егіндібұлақ ауылында «Әлия» маусымдық лагері ашылып отыр. Алдағы уақытта тағы екі лагерь құрылысын жүргізуге жер телімдері бөлінбек. «Биыл су тасқыны болған аудандарда тұратын оқушыларға жан-жақты қолдау көрсету, олардың жазғы демалысын жоғары деңгейде ұйымдастыру басты назарда болуы керек. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі балалардың демалуына жағдай жасап, олардың қауіпсіздігін бақылауға алуымыз қажет. Бұл орайда жауапкершілік сіздерге жүктеледі. Сондықтан бұл бағыттағы жұмыстарды ұйымдастыруда олқылықтар болмауы тиіс», —  деді облыс әкімі білім басқармасы басшысына.  Айта кету керек, аталған жиында сондай-ақ облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Амангелді Қонақбаев биылғы жылдың І тоқсанында атқарылған жұмыстары туралы баяндама жасады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Роза Рымбаеваның видеосы көпшілікті елжіретті
Абат Айымбетов Түркияда қатарынан үшінші матчта гол соқты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Австралияда әйгілі қолтырауын өмірден озды
Үлкен астероид жерге жақындап келеді
Telegram алғаш рет бір миллиард доллардан астам табыс тапты
Доллардың бағамы сәл төмендеді
Фариза кредосы: адамдықтан айныма
Ауылдан – Алматыға!
Қарағандыда автобус өртенді
Жетісу облысында әлеуметтік осал топтағы 57 отбасы үйлі болды
Депутаттар есеп берді
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан 4 адам қаза тапты: тергеу жүріп жатыр
Көлік-логистикалық әлеуетті дамыту өзекті
Жәрмеңке өнімдері сұранысқа ие
«Алтын сақа» орталығына барды
Алматының Арбаты Карнаби көшесінің стилінде безендірілді
Қазақстан су тасқыны кезеңіне дайын ба?
Алматыда 250-ден аса көшеде орташа жөндеу жұмысы жүргізілді
Коммуналдық секторды жаңғырту жобасы мақұлданды
Сенаторлар өңірлерге барады
Қазақстанда мәйіттік донор болуға келісетіндер 3,5 есе саны артты
Алматыда 41 жыл бұрын пайдалануға берілген құбыр ауыстырылды
Астанада алаяқтар қазақстандық танымал топтың концертіне жалған билеттер сатқан