Биыл 300 мыңнан астам адамға смс-хабарлама арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілді

Жыл басынан бері 300 мыңнан астам азаматқа смс-хабарлама арқылы мемлекеттік қызмет көрсетілді. Олар ешқандай инстанцияға өтініш жазбай-ақ, әлеуметтік төлемдерге ие болған. Бұл - Отбасының цифрлық картасы аясында қол жеткізілген нәтиже. 20 млн халықтың жеке мәліметтері қамтылған жоба жайлы толығырақ Айсәуле Съезбек тарқатады. Фарида Аманғалиеваның тұңғышы осыдан жеті ай бұрын дүниеге келген. Жас ананы сәбилі болуымен алғаш құттықтағандардың бірі - 1414. Айтуынша, перзентханадан шықпастан, SMS-ке жауап беру арқылы туу туралы куәлікті де рәсімдеген. Фарида АМАНҒАЛИЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ: Мен осы қосымшаны пайдалана отырып, баланың туу туралы куәлігіне өтініш берген болатынмын. Содан кейін баланы туғаннан кейін алатын жәрдемақыға өтініш бердім. Оңай әрі тез арада алған болатынмын. Қазір көптеген қызметтерді жасауда ешқандай жерге барып, уақыт құртып қажет емес. Иә, бұрынғыдай құжат рәсімдеу үшін табан тоздырып, арыз жазудың қажеті жоқ. «Әлеуметтік кодекс» аясында 10 түрлі жәрдемақыны тағайындау автоматтандырылды. Тек келісімді растау үшін хабарламаға жауап берсе жеткілікті. Биыл осындай 774 мың хабарлама таратылған. Нәтижесінде, тиісті төлемдерге 303 мың азамат ие болған. Ал 142 мың адам басқа тәсілдер арқылы құжат өткізген. Айдар ХАСЕНОВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Алдағы уақытта отбасының цифрлық картасы арқылы көрсетілетін қызметтер тізбесі денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметтермен кеңейтілетін болады. Олар қазіргі уақытта қарастырылып жатыр. 6 млн астам жанұяның дерекқоры әлеуметтік төлемге мұқтаждарды дер кезінде анықтайды. Жұмыссыз қалғандар да өтемақысын уақытылы алады. Мүгедек жандар мен асыраушысынан айырылғандар да 1414-тің пайдасын көріп отыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
«Қайрат» алғашқы оқу-жаттығу жиынын Алматыда бастайды
Қарағанды ​​әкімі Instagram желісіндегі пікірі үшін сөгіс алды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Тоқаев Қазақстанның 2024-2026 жылдарға арналған бюджеті туралы Заңға қол қойды
Тоқаев 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Президент 2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгеріс енгізетін заңға қол қойды
Щучинскте монша өртеніп кетті
Ресейде Путин мен Назарбаев кездесті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Елде полиция күшейтілген режимге көшті
Алматыда Бизнес хаб пен студенттік емханаашылды
Сырым Исабаев өнерден не себепті алыстап кеткенін айтты
«21 жерден пышақ салған»: Семейде жас жігітті азаптап өлтірген тұрғын сотталды
Жетісуда қар құрсауында қалған екі адам құтқарылды
Жетісу облысында екі адам қар құрсауынан құтқарылды
Доллардың бүгінгі бағамы қандай
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаева өнерден алыстау себебін түсіндірді
“Тәуелді болғым келмеді“. Сырым Исабаев өнерден алыстау себебін түсіндірді
Орманшы болу оңай жұмыс емес
Хореография Академиясында Вадим Рзаевтың шеберлік сыныбы өтті
Тәуелсіздік – басты құндылық