Биыл 60 мың адам «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауатын арттырады

Елімізде 1,5 миллион адамның мерзімі өтіп кеткен несиесі бар. Берешегін өтей алмай қиналып жүргендерге «Қарызсыз қоғам» жобасы көмектесуде. «AMANAT» партиясының бастамасымен 50 мыңнан астам адам қаржылық сауаттылығын арттырды. Енді оны алпыс мыңға жеткізу межесі тұр.«Қарызсыз қоғам». Аты айтып тұрғандай тұрғындарды тығырықтан шығаруға көмектеседі. Тек қаржыны басқаруды, ақшаны үнемдеуді ғана үйретпейді. Қордаланған қарызды заң аясында өтеудің жолын қарастырып береді. Көмегі көпке тиіп жатыр. Нәтижесін бере бастады. Гүзел НАЖИЕВА, АУЫЛ ТҰРҒЫНЫ: 800 мыңдай ақша алып едім, оны уақытысында құя алмай, заңгерлермен сөйлесіп, ақшамды төмендетіп қазіргі таңда ай сайын құйып жатырмын. Болашақта енді, депозитті ашқан, салып жатқан қаржымды болашаққа автокөлік алсам деген үміттемін. Және осындай семинарлар ауылда көп болса екен деймін, жастарға үлгі болса екен деймін. «Енді мәселенің салдарымен ғана емес, себептерімен де күресуді қолға аламыз», - дейді АМАНАТ партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев. Келесі жылдан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасының аясында мектеп, колледж және жоғары оқу орындарында қаржылық сауаттылықтың негіздерін үйретілмек. Эльдар ЖҰМАҒАЗИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ: Осы қаржылық сауатсыздықтың халықтың көптеген мойындарына кредит алуға себеп болып отырғанын біліп отырмыз. Мысалы біздің класстарға келіп білім алған адамдардың 90% жуығы кредиттің проценттік мөлшерлемесінің қанша төлеп отырғанын енді біліп отыр. Өзінің мысалы табысы төмен болғанымен мойнында 26 кредиті бар адамдар болды. Жоба аясында мамандар отбасылық бюджетті қалыптастыруға кеңес береді. Заңгерлік көмек көрсетеді. Кәсіп ашуға жәрдемдеседі. Гүлмира АХМЕТОВА, HALYK BANK АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: «AMANAT» партиясымен бірлескен жобада біз әр аудандағы әрбір шалғай ауылға барып сабақ өткіздік. Бүгін жиналғандардың арасында түрлі қиын жағдайға тап болған адамдарды тыңдадық. Көбісі әрине әйел кісілер, қазіргі таңда жағдайын жақсартып ғана қоймай, келесі буынды үйретуге дайын. Бұл біздің ойымызша, үлкен жетістік. Мемлекет басшысы Жолдауда жобаның тиімді екенін тілге тиек етті. Ауқымын кеңейтуді тапсырған болатын. Осыған орай келесі жылы 200 мың адамды қамту жоспарлануда.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді