Биыл 865 әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген

Енді әйеліне қол көтергендер 8 жылға сотталуы мүмкін. Суицидке итермелегендер 9 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Мәжілісте әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін заң жобасы таныстырылды. Енді денсаулыққа зиян келтіретін кез-келген әрекет қылмыс болып танылады. Ал кәмелетке толмаған баланы өлтіріп алған жағдайда өмір бақи бас бостандығынан айырылады. Жұлдыз СҮЛЕЙМЕНОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: Бұл тек қана әйел немесе балалардың құқығын қорғауға арналған құқықтық шаралар емес. Бұл барлық біздің қазақстандық азаматтардың денсаулығына қасақана зиян келгені үшін, оның ішінде жеңіл зиян келгені үшін және ұрып-соғуға тап болған барлық азаматтарымыздың құқығын қорғауға бағытталған заңның нормалары екенін атап өтеміз. Бұндағы негізгі мақсат -бұл құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті күшейту. Биыл 9 айда 865 әйел тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан жәбір көрген. Мәжілісте Төрағаның орынбасары Дания Еспаева қылмыстардың басым көпшілігі отбасындағы тұрмыстық жанжалдардың салдарынан, алкогольдік мас күйде жасалады дейді. Дания ЕСПАЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ Өкінішке қарай, қабылданып жатқан шараларға қарамастан күш көрсету, зорлық жасау көрсеткіші жоғары болып отыр. Мысалы, 2021 жылы Астанада 796 әйел адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, сексуалды қылмыстар құрбаны болды. 2022 жылы 1 000 әйел, ал 2023 жылы 9 айда 865 әйел осындай қылмыстарға ұшыраған. Оның көбі отбасындағы тұрмыстық жанжалдардың салдарынан, алкогольдік мас күйде жасалады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қазақстанда бұған дейін жабылған кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді: 15 желтоқсан 2024, 10:24 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Қуат Хамитов 10 миллион сыйақыға ие болды (ВИДЕО)
15 желтоқсанға арналған валюта бағамы
Алматыда Шыңғыс Айтматовтың туған күніне орай дөңгелек үстел өтті
Қазақстандықтар Мальдив аралдары мен Тайландқа саяхаттаудан рекорд жаңартты
Алматыдағы психиатриялық орталықтағы қылмыстық іс бойынша сот жалғасуда
Екі облыста жол жабылды
«Мандарин қабығынан жасалған лосьоны бір айда беттегі әжімнің 90% кетіреді» - фейк
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Ақтау маңында үш көлік соқтығысып, 7 адам зардап шекті
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
16 желтоқсанда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды?: 15 желтоқсан 2024, 17:38 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Арқалық прокурорының орынбасары этика нормаларын бұзғаны үшін қызметінен босатылды: 15 желтоқсан 2024, 17:36 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Ақтөбеде жаңа өрт сөндіру бөлімі ашылып, құтқарушыларға пәтер кілттері табысталды
Астаналық полицейлер көшеде дірілдеп, дем ала алмай жатқан ер адамды құтқарды
Қызылордада 504 отбасы баспаналы болды
«Отбасымен демалып жүрген»: Белгілі миллиардер оқыс жағдайда көз жұмды