Биыл Ақтөбе облысында 81 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды

Ақтөбелік полицейлер ата-аналарды балаларын назардан тыс қалдырмауға шақырады, деп хабарлайды Zakon.kz.Жасөспірімдер арасындағы қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды болдырмау және алдын алу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері мүдделі органдармен бірлесіп, профилактикалық және рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде жүргізеді. Мысалы, жуырда прокуратура, қала әкімдігі, мәслихат депуттарымен бірлесіп өткізілген түнгі рейд кезінде 3 кәмелетке толмаған жеткіншектің кафелерде жүргені анықталып, олардың заңды өкілдеріне және осы мекемелер әкімшілеріне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды.Жыл басынан бері түрлі қылмыстар мен құқық бұзушылықтар үшін ішкі істер органдарына 3 мыңнан астам кәмелетке толмаған жеткізілді. Заңды өкілінсіз кәмелетке толмағандардың үй-жайдан тыс болғаны үшін 2734 ата-ана жазаға тартылып, түнгі уақытта көңіл көтеру орындарында болғаны үшін 116 жасөспірім және олардың түнгі уақытта ата-аналарының ілесуінсіз осындай орындарда болуына жол бергені үшін 65 кәсіпкер жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар балаларын тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 125 ата-анаға әкімшілік жаза қарастырылса, 81 бала кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Ақтөбе облысының полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігін сақтауға, олардың мінез-құлқына ерекше мән беруге, бос уақытын қалай өткізетінін қадағалауға шақырады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты
Полиция 20 жыл көріспеген әкесі мен қызын табыстырды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады