Осы жазда ҚТЖ 4,2 млн астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.2024 жылдың жаз айларында ҚТЖ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда курорттық аймақтарға жолаушылар тасымалын ұлғайтуды және 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр.Алакөл көлінің бағытында пойыздар Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 12 бағыт бойынша қатынайтын болады. Сондай-ақ, биыл алғаш рет бұл бағытта Қызылордадан пойыз жүреді. Он бағыт бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздары, ал екі бағыт бойынша — жеке тасымалдаушылар құрамы жүретін болады. Ұлттық тасымалдаушының пойыздарының құрамы толығымен ауаны баптау жүйесімен жабдықталған вагондардан құралады. Алакөл бағытындағы пойыздар туристер үшін танымал Жалаңашкөл, Ақши және Бескөл станцияларында тоқтайды. Онда жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған: перрондар ұлғайтылды, күту залдары мен кассалар жөнделді. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін станцияларда кассирлердің ауысымдық жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, билеттерді bilet.railways.kz сайттында комиссиясыз сатып алуға болады. Ал билеттер болмаған жағдайда жолаушы "Күту парағы" қызметін пайдалана отырып, пойызда бос орынға билет сатып алу үшін кезекке тұра алады. Бұл қызмет bilet.railways.kz сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында ақысыз негізде қол жетімді. "Қазіргі уақытта Ұлттық тасымалдаушы жылжымалы құрамды жазғы тасымалдауға белсенді дайындалып жатыр. Желдету және ауаны баптау жүйелерін қайта консервациялау, ауа сүзгілерін ауыстыру, сумен жабдықтау жүйесін тазарту және дезинфекциялау, вагондардың электр жабдықтарын тексеру, тамбурларды, титандарды, жылыту жүйелерінің құбырларын және басқа да бөлшектерді сырлау, сондай-ақ, вагондардың шанақтарын сыртқы жуу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", —делінген хабарламада.