Биыл Алакөлге 12 бағыт бойынша пойыз қатынайды

Осы жазда ҚТЖ 4,2 млн астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр. Бұл туралы "Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі мәлімдеді.2024 жылдың жаз айларында ҚТЖ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда курорттық аймақтарға жолаушылар тасымалын ұлғайтуды және 4,2 млн-нан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр.Алакөл көлінің бағытында пойыздар Астана, Алматы, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарынан 12 бағыт бойынша қатынайтын болады. Сондай-ақ, биыл алғаш рет бұл бағытта Қызылордадан пойыз жүреді. Он бағыт бойынша "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыздары, ал екі бағыт бойынша — жеке тасымалдаушылар құрамы жүретін болады. Ұлттық тасымалдаушының пойыздарының құрамы толығымен ауаны баптау жүйесімен жабдықталған вагондардан құралады. Алакөл бағытындағы пойыздар туристер үшін танымал Жалаңашкөл, Ақши және Бескөл станцияларында тоқтайды. Онда жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасалған: перрондар ұлғайтылды, күту залдары мен кассалар жөнделді. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін станцияларда кассирлердің ауысымдық жұмысы ұйымдастырылды. Сондай-ақ, билеттерді bilet.railways.kz сайттында комиссиясыз сатып алуға болады. Ал билеттер болмаған жағдайда жолаушы "Күту парағы" қызметін пайдалана отырып, пойызда бос орынға билет сатып алу үшін кезекке тұра алады. Бұл қызмет bilet.railways.kz сайтында немесе "Жолаушылар тасымалы" АҚ билет кассаларында ақысыз негізде қол жетімді. "Қазіргі уақытта Ұлттық тасымалдаушы жылжымалы құрамды жазғы тасымалдауға белсенді дайындалып жатыр. Желдету және ауаны баптау жүйелерін қайта консервациялау, ауа сүзгілерін ауыстыру, сумен жабдықтау жүйесін тазарту және дезинфекциялау, вагондардың электр жабдықтарын тексеру, тамбурларды, титандарды, жылыту жүйелерінің құбырларын және басқа да бөлшектерді сырлау, сондай-ақ, вагондардың шанақтарын сыртқы жуу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", —делінген хабарламада.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Түркістан облысында мектеп директорын бопсалаған екі блогер ұсталды
Қызылордада медицина мекемелеріне 50 жаңа көлік табысталды
Қанат Бозымбаев Ақтөбе облысындағы тұрғын үйдің құрылысын тексерді
Почему мажилисмены поменяли отношение к закону об игорном бизнесе? Букмекеры подают в суд на депутата
(Қызылордада қонақ үйдегі өрт сөндірілді
Ақтөбеде екі студенттің өліміне байланысты университетте үш күндік аза тұту күні жарияланды
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен 31 отбасы баспаналы болды
Әлішер Ерғали әлемдегі үздік балуандардың қатарына кірді
Алматыда Құрманғазы көшесіндегі қозғалыс екі айға шектеледі
Астанада көліктерге автобус жолағымен жүруге рұқсат берілді
Астанадағы көше екі күнге жабылады
ҚазҰУ-да Орталық Азиядағы құқықтық қызметтің тетігі сарапқа салынды
Қазақстан мен АҚШ сауда-инвестициялық ынтымақтастық қай деңгейде
Екі студент суға кетті: Ақтөбедегі медициналық университетте қаралы күн жарияланды
Қазақстан мен Литва сыртқы саяси жоспарлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтуда
«Жеті өңірде құрғақшылық болады»: синоптиктер мәлімдеме жасады
Шымкентте 11 жастағы ұл баланы зорлаған ер адамға үкім шықты
Қазақстан мен Литва сыртқы саяси жоспарлау саласындағы ынтымақтастықты нығайтады
«Ашық сот отырысы көмектеседі»: Карина Мамаш ел күтпеген мәлімдеме жасады
Қазақстан бойынша 15-17 маусымға арналған ауа райы болжамы
Алматыда жер сілкінді
Таразда құтқарушылар өзіне қол жұмсайын деп жатқан ер адамды аман алып қалды
«Қазсушар» Жетісу облысында жергілікті шаруаларға 150 млн текше метр су берді
Астанадағы көліктерге төрт көшеде автобус жолақтарымен жүруге рұқсат етілді