Биыл әлемде жұмыссыздар саны 3 миллионға көбейеді — Халықаралық еңбек ұйымы

Халықаралық еңбек ұйымының болжамынша, 2023 жылы жұмыссыздар саны 3 млн-ға артып, 208,2 млн-ға жетеді. Ал 2024 жылы жұмыссыздар саны 210,9 млн адам болмақ. Бұл туралы ranking.kz хабарлады.Халықаралық еңбек ұйымының (International Labour Organization) "Жаһандық жұмыспен қамту және әлеуметтік перспективалар: 2023 жылғы үрдістер" есебінің мәліметтеріне сай, 2022 жылдың аяғында дүниежүзінде жұмыссыздар саны 205,2 млн адам болды — 2021 жылмен салыстырғанда 11,2 млн-ға, 2020 жылғы "коронадағдарыс" кезіндегіден бірден 30 млн адамға аз. Алайда "коронадағдарыс" алдындағы 2019 жылмен салыстырғанда 13,3 млн адамға көп. ХЕҰ болжамынша, 2023 жылы жұмыссыздар саны 3 млн-ға артып, 208,2 млн-ға жетеді. Ал 2024 жылы жұмыссыздар саны 210,9 млн адам болмақ. 2022 жылы жаһандық жұмыссыздық деңгейі 5,8% болды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда (6,2%) және 2020 жылғы "коронадағдарыс" кезінегіден (6,9%) төмен, бірақ 2019 жылғы көрсеткіштен (5,5%) жоғары. Сонымен қатар ХЕҰ болжамынша, 2023-2024 жылдары жұмыссыздық деңгейі қазіргіден өзгеріссіз қалады (5,8%). Жұмыссыздық деңгейі гендерлік ерекшеліктерге қарай айтарлықтай өзгермейді. Мысалы, 2022 жылы әйелдерде жұмыссыздық деңгейі 5,8% болса, ерлерде арасында 5,7% болды. Ал 2023-2024 жылдары ерлер арасындағы жұмыссыздық деңгейі өзгеріссіз қалып, әйелдер арасындағы жұмыссыздық көбейіп, 5,9% болмақ.Табыс деңгейі бойынша мемлекеттер тобына бөлгенде 2022 жылы жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі табысы жоғары елдерде байқалды: 4,5%. Бұл ретте ХЕҰ аталған көрсеткіш 2023 жылы 4,9%-ға, 2024 жылы 5%-ға жетеді деп болжайды. Ал табысы төмен елдердегі жұмыссыздық деңгейі қазір 5,8% болса, 2023-2024 жылдары болжам бойынша 5,7%-ға төмендемек. Табысы ортадан жоғары елдерде (Қазақстаннан басқа, мысалы, Ресей, Түркия және Қытай сияқты елдер) 2022 жылы жұмыссыздық деңгейі 6% болды, ал 2023-2024 жылдары, ХЕҰ болжамынша, 5,8 % болмақ.2022 жылы макроаймақтар бойынша жұмыссыздық ең төмен аймақ Азия-Тынық мұхиты аймағындағы елдерде байқалады: 5,2%. ХЕҰ болжамы бойынша, 2023-2024 жылдары жағдай осылай қалады, тіпті 5,1%-ға дейін төмендейді. Айта кетейік, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде жұмыссыздық деңгейі 2022 жылы небары 2,6%, Тынық мұхиты аралдарында — 3,6%, Шығыс Азияда — 4,6%, Оңтүстік Азияда — 7,2% болды. Батыс жартышарда жұмыссыздық деңгейі орташа әлемдік деңгейге тең: 5,8%. Болжам бойынша, көрсеткіш 2023 жылы 6,1%-ға, 2024 жылы 6,2%-ға дейін өседі. Бұл ретте Латын Америкасы мен Кариб бассейні елдерінде бұл көрсеткіш 7% болса, 2024 жылы ол 6,9%-ға дейін төмендейді, ал Солтүстік Америка елдерінде (АҚШ және Канада) бар болғаны 3,8%, бірақ 2023 жылы 4,7%-ға дейін, ал 2024 жылы 5,1%-ға дейін өседі. Еуропа мен Орталық Азияда жұмыссыздық деңгейі 2022 жылы 6,1% болса, 2023-2024 жылдары 6,3%-ға дейін көтерілуі мүмкін. Бұл ретте Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 6,3% болса, Шығыс Еуропада 5%. Орталық және Батыс Азия елдерінде жұмыссыздық деңгейі 7,7% болды. 2023-2024 жылдары Солтүстік, Батыс және Оңтүстік Еуропа елдерінде көрсеткіш 6,6%-ға дейін, Шығыс Еуропада 5,1%-ға дейін, Орталық және Батыс Азияда 7,8%-ға дейін артуы мүмкін. Африка елдеріндегі жұмыссыздық деңгейі 2022 жылы 7,1% болды, 2023 жылы ол өзгермейді, ал 2024 жылы 7%-ға дейін төмендеуі мүмкін. Сонымен қатар, жұмыссыздық деңгейі көрсеткішінде Солтүстік Африка мен Сахараның оңтүстігіндегі елдер арасында айырмашылық бар: тиісінше 6,4% және 11,3%. Ең жоғары жұмыссыздық деңгейі араб мемлекеттерінде: 2022 жылы 9,3% болды. Сонымен қатар Парсы Шығанағы Араб Мемлекеттерінің Ынтымақтастық Кеңесіне (ПШАМЫК) мүше елдерде бұл көрсеткіш небары 4% болды, бұл таңқаларлық емес, өйткені бұлар негізінен мұнай мен газды экспорттаушы елдер (Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман және Сауд Арабиясы). Сонымен қатар ПШАМЫК-қа кірмейтін араб мемлекеттерінде жұмыссыздық деңгейі әлемдегі ең жоғары көрсеткіштердің бірі —14,3%.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Сириядағы террорлық ұйымдардың қатарында болған екі қазақстандық қамауға алынды
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Биылғы желтоқсан айында ауылшаруашылық жәрмеңкелеріне миллионға жуық адам келді
Шырша бар, бірақ оны орнатуға қаражат жоқ – қызықты деректер
Қалай eGov Mobile қосымшасы арқылы газға қосылу үшін өтініш беруге болады?
«Ауылымнан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы болғым келеді» – Алматыда AUYL SPORT-2024 республикалық турнирі өз мәресіне жетті
IBA Азия чемпионатындағы төрешілікті қайта тексереді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA)
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Қосшы қаласында 15 кәсіпкерге 4,5 млн теңгелік берешек төленді