Алматыда осы жылдың 1 қыркүйегінен бастап «Мектеп автобусы» жобасы ісеке қосылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында қалалық білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты.«Бұдан бұрын біз мектепке баратын жолы қиын 1-11 сынып аралығындағы балаларды тасымалдау қажеттілігін талдаған болатынбыз. Жалпы тасымалдау қажеттілігі 12500 баланы құрайды. Бүгінгі күні 100 мектеп автобусын сатып алынды. Олдардың сыйымдылығы 21 орындық 50 автобус және 40 орындық 50 автобус»,- деді ол. Айтуынша, жаңа оқу жылында қаланың 7 ауданынан 30 мектептен 7 722 баланы тасымалданады. Ол үшін тасымалдау қызметтеріне бюджетте 1,4 млрд теңге қарастырылды.Оны «АлматыЭлектротранс» жүзеге асыратын болады. «1 қыркүйектен бастап барлық автобус балаларды тиісті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, бекітілген маршруттар бойынша тасымалдайды. «Мектеп автобусы» жобасын іске асыру оқушылардың ата-аналарына көмектесуге, мектеп жасындағы балалардың қауіпсіздігін арттыруға және жол қозғалысы трафигіне жүктемені азайтуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігі мақсатында мектеп автобустарында 279 бейнебақылау камерасы орнатылды»,- деді Ләззат Жылқыбаева.