Биыл Астана аумағында 3 млн гүл егіледі

Биыл Астананы безендіру үшін бір жылдық 3,5 миллион гүл егіледі. Хош иісті өсімдіктердің жергілікті табиғатқа үйреніскен 31 түрі өсірілмек. Қаланы әрлеуге көбінесе бархат, шырайгүл көп қолданылады. Бояуы қанық бұл өскіндер ою-өрнекті анық етіп бедерлеуге қолайлы. Толығырақ тілшіміз баяндайды. АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ: Бүгін біз шалғындық қастамақ гүлдерін бірге егеміз. Ең алдымен бізге осындай таяқ қажет, оның көмегімен арнайы орын әзірлейміз. Тұқымнан өсіп шыққан сабақты зақымдап алмай отырғызамыз. Онаң соң бірден су құямыз. Шалғындық қыстамақ гүлдері 20-25 градус температурада өсіріледі және күніне бір рет суару жұмыстары жүргізіледі. Елордада егілетін гүлдердің 30 пайызы- көпжылдық.Оның ішінде шырайгүлдің қызылды-жасылды 11 түрі мен барқытгүлдің 4 түрі кеңінен тараған. Бұл- нағыз «астаналық» гүлдер. Бойы да, өсімі де біркелкі әрі суыққа да, ыстыққа да төзімді. Гүл тұқымдарын қаңтар айында Европа, Солтүстік Амертка елдерінен арнайы тапсырыспен алдырған. Бахтияр ШАЙМҰХАНБЕТОВ, "АСТАНА КӨГАЛДАНДЫРУ" ЖШС БАС АГРОНОМЫ: Шамамен ақпан айының бірінші он күндіктерінен бастап себу жұмыстары басталады. Гүлдердің көшеттерін өсіру процесі 80 күннен 100 күнге дейін осы біздің жылыжайларда өсіріліп бапталады. Қазір нақты біздің жылыжайларды 80-ге жуық адам гүл өсіру жұмысында жұмыс атқарып жатыр. Көздің жауын алатын жайқалған гүл түптері арнайы жылыжайларда өсіріледі. Гүлді онда сәбидей мәпелейді. Ақпаннан бастап тұқымы топыраққа егіледі. Арнайы температурада бапталады. Жасыл өскін жазда қурап не бүлініп қалса, жаңасы егіледі. Гүл таңдауда Астананың ауа райы да ескеріледі.Сыртқа шығармас бұрын 10 күндей қоршаған ортаға бейімделеді. Алтыншаш ИСИНА, БАҒБАН: Баптау жұмыстары барлық гүлге дерлік бірдей жасалады. Гүлдер сырқаттанып қалған жағдайда арнайы дәрі-дәрмек сеуіп суарып емдеу шараларын жүргіземіз. Сондай-ақ қала бойынша гүлдер егілген соң оларды әрі-қарай баптаймыз. Күз жақындағанда гүлдерді жылыжайға әкеліп арнайы ыдыстарға қайта егіп, өмірлерін сақтаймыз. Биыл сондай-ақ, 30-ға жуық жасыл мүсін қала көшелерінің шырайын келтірмек. Керік, түйе, піл, қолтырауын, қобыз, домбыра секілді сәулет пішіндері түрлі ғимараттың сипатын ашады. Бұл мүсіндерге арналған гүл де бір жыл бойы бапталып, дайындалады. Әр пішіннің 1 шаршы метріне 2 мың дана гүл кетеді. Жасыл өскін жазда қурап не бүлініп қалса, жаңасы егіледі. Гүл таңдауда Астананың ауа райы да ескеріледі.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Отставкаға кеткен мемлекеттік қызметкерлер өз жұмыстарына орала ала ма?
Биыл Қазақтанда қандай жаңа зауыттар мен фабрикалар ашылды?
Құқық қорғау органдары қызметкерлеріне цифрлық рейтинг пен детекторлық тексерістер енгізіледі
Екі банктің байқауының жеңімпазы бір адам болып шықты
Паралимпиада чемпионы Давид Дегтярев үйленді
Алматы мен Қарағанды қалаларында үстел теннисінен ашық командалық чемпионаттың қорытынды кезеңі өтеді
2024-2028 жылдарға арналған қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тұжырымдамасын іске асыру барысы қаралды
Алматыда шетел азаматы жолаушыларды заңсыз тасымалдаған
Алматыда «Біз қалай сөйлейміз?» кітабының тұсаукесері өтті
Қазақстанда жеке тасымалдаушыларға күнделікті медициналық және техникалық тексеруден өту бойынша жаңа талаптар күшіне енеді
Дубайда семсерлесуден Қазақстан құрамасының оқу-жаттығу жиыны аяқталды
2025 жылдың 2-тоқсанында «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады
Алматыда заңсыз sim-box құрылғысымен шетелдік азамат ұсталды
Елімізде тәртіпті бұзған алты судья қызметінен босатылды
Алматы облысында алаяқтардың 200-ден астам сайты бұғатталды
Сенатор Нұрия Ниязова: "Медеу" мұз айдынына ерекше мәртебе берілуі тиіс
Қазақстанда жеңілдетілген әйелдер ипотекасы қайта іске қосылады
Қазақстан Bayraktar өндірісін қолға алмақ
Қаңтар оқиғасы: Викрам Рузахуновты азаптаған полицейлерге үш жыл жаза сұралды
Диқандарға тікелей астық сатып алу бағдарламасы бойынша 3,4 млрд теңге төленді
Қоғамдық орындарда хиджаб кигендерге айыппұл салынуы мүмкін
Ақтау маңындағы ұшақ апаты: қайтыс болған 10 адамның жеке басы анықталды
Күрес түрлері федерациясы жыл үздіктерді марапаттады
Баку — Грозный рейсіне қатысты жаңа мәліметтер белгілі болды