Қазір елімізде 4 млн-ға жуық оқушы бар. Оның 240 мыңына орын жетіспейді. 148 білім беру ұйымы үш ауысыммен жұмыс істеп тұр. Президент бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп тапшылығы мәселесі шешілуі тиіс. Ұлттық жобаның тағы бір ұтымды тұсы отандық тауар өндірушілерге ерекше маңыз берілмек. Биыл Астана қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 мектептің құрылысы басталды. Келер жылы тағы 2 мектеп бой көтереді. Оған қазынадан 208,7 млрд теңге қарастырылған. Осы қаржының 40 пайызы құрылыс материалдары, жиһаз бен жабдықтарға жұмсалады. Жобаны іске асыруда отандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру- басты міндет. Астана қаласының кәсіпкерлік палатасы осы бағытта жергілікті кәсіпкерлердің тізімін жасақтады. Бейсен ЖОЛБОЛДИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізде қазір 5 мердігер анықталды. Осы 21 мектеп бойынша 24 мектептің. Бүгінгі таңда біз мынау қатысамын деген кәсіпкерлердің тізімін жасап жатырмыз. Ол қазір 120 кәсіпкер болды. Оның ішінде 75-і бұл құрылыс заттарын шығаратыны бар, 20 кәсіпкер жиһаздар бойынша, қалғандары мынау жабдықтар. Қалалық әкімдік жергілікті кәсіпкерлерді ірі жобаларға тарту тәжірибемізде бар деп отыр. Осы ұлттық жоба аясында олардың үлесін арттырмақшы. Нұрлан НҰРКЕНОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір «Жайлы мектеп» жобасындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 70 пайыздан астам. Қазір Атамекен кәсіпкерлік палатасында тапсырыс беруші Самұрық-Қазына Констаркшн мекемесімен, жергілікті өнім өндірушілермен кездесіп,олардың үлесін арттыруды талқыладық. Кемінде 80 пайыздан жоғарылатуды жоспарлап отырмыз. Жергілікті тауар өндірушілер «Жайлы мектеп» жобасы аясында жұмыс істеуге дайын екендерін айтады. Өнім сапасы шетелдіктерден кем болмайды деп сендіреді. Алексей ГЕСС, «ҚАЗАҚСТАН ЛИФТОВИКТЕР ОДАҒЫ» ЗТБ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Мен жобадағы лифт құрылыс жабдықтарына қызығушылық білдірдім. Қазіргі таңда лифт құрылысымен айналысатын Қазақстанда кемінде 4 өндіруші бар. Мен олардың бәрі осы жобаға ынта танытады деп ойлаймын. Қызметімізді ұсынуға дайынбыз. Мектептерді сапалы жабдықпен қамтамасыз ете аламыз. Жоба аясында салынатын елордадағы 24 мектеп 45 мыңға жуық оқушыны қабылдайды. Олардың 15-і Нұра мен Есіл аудандарында салынса, Алматы ауданында 6 мектеп бой көтермек. Сарыарқа ауданында 2 мектеп, Байқоңыр ауданында 1 мектеп халық игілігіне беріледі. Барлығының берілу мерзімі 2025 жыл деп жоспарланған.