Биыл Астана қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 мектептің құрылысы басталды

Қазір елімізде 4 млн-ға жуық оқушы бар. Оның 240 мыңына орын жетіспейді. 148 білім беру ұйымы үш ауысыммен жұмыс істеп тұр. Президент бастамасымен қолға алынған «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп тапшылығы мәселесі шешілуі тиіс. Ұлттық жобаның тағы бір ұтымды тұсы отандық тауар өндірушілерге ерекше маңыз берілмек. Биыл Астана қаласында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 22 мектептің құрылысы басталды. Келер жылы тағы 2 мектеп бой көтереді. Оған қазынадан 208,7 млрд теңге қарастырылған. Осы қаржының 40 пайызы құрылыс материалдары, жиһаз бен жабдықтарға жұмсалады. Жобаны іске асыруда отандық тауар өндірушілердің үлесін арттыру- басты міндет. Астана қаласының кәсіпкерлік палатасы осы бағытта жергілікті кәсіпкерлердің тізімін жасақтады.  Бейсен ЖОЛБОЛДИЕВ, ҚАЛАЛЫҚ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бізде қазір 5 мердігер анықталды. Осы 21 мектеп бойынша 24 мектептің. Бүгінгі таңда біз мынау қатысамын деген кәсіпкерлердің тізімін жасап жатырмыз. Ол қазір 120 кәсіпкер болды. Оның ішінде 75-і бұл құрылыс заттарын шығаратыны бар, 20 кәсіпкер жиһаздар бойынша, қалғандары мынау жабдықтар. Қалалық әкімдік жергілікті кәсіпкерлерді ірі жобаларға тарту тәжірибемізде бар деп отыр. Осы ұлттық жоба аясында олардың үлесін арттырмақшы. Нұрлан НҰРКЕНОВ, ҚАЛА ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір «Жайлы мектеп» жобасындағы отандық тауар өндірушілердің үлесі 70 пайыздан астам. Қазір Атамекен кәсіпкерлік палатасында тапсырыс беруші Самұрық-Қазына Констаркшн мекемесімен, жергілікті өнім өндірушілермен кездесіп,олардың үлесін арттыруды талқыладық. Кемінде 80 пайыздан жоғарылатуды жоспарлап отырмыз. Жергілікті тауар өндірушілер «Жайлы мектеп» жобасы аясында жұмыс істеуге дайын екендерін айтады. Өнім сапасы шетелдіктерден кем болмайды деп сендіреді. Алексей ГЕСС, «ҚАЗАҚСТАН ЛИФТОВИКТЕР ОДАҒЫ» ЗТБ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ: Мен жобадағы лифт құрылыс жабдықтарына қызығушылық білдірдім. Қазіргі таңда лифт құрылысымен айналысатын Қазақстанда кемінде 4 өндіруші бар. Мен олардың бәрі осы жобаға ынта танытады деп ойлаймын. Қызметімізді ұсынуға дайынбыз. Мектептерді сапалы жабдықпен қамтамасыз ете аламыз. Жоба аясында салынатын елордадағы 24 мектеп 45 мыңға жуық оқушыны қабылдайды. Олардың 15-і Нұра мен Есіл аудандарында салынса, Алматы ауданында 6 мектеп бой көтермек. Сарыарқа ауданында 2 мектеп, Байқоңыр ауданында 1 мектеп халық игілігіне беріледі. Барлығының берілу мерзімі 2025 жыл деп жоспарланған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай
Алматыда Қазақстан-Германия глаукома орталығы ашылды
Қыста жақсы ұйықтау үшін мына 3 ережені сақтаңыз
Бүгін тек бір қалада ауа сапасы нашарлайды
99 жастағы Малайзияның бұрынғы премьер-министрі жас көрінуінің құпиясын ашты
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
Қарағандыда өрт шыққан ғимарат жарылып кете жаздады
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады