Биыл Астанада 63 мыңнан астам адамды жұмыспен қамту жоспарда бар

Елордада биыл 63 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев осылай дейді. Сондай-ақ қысқа мерзімді оқыту, қайта даярлау курстарынан өтіп, тұрақты кәсіппен айналысуға мүмкіндік бар. Астана тұрғындарымен кездесу кезінде вице-министр оның жолдарын, жалпы әлеуметтік қолдау мәселелері туралы айтты.Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Олжас Ордабаев Жанұя отбасы институтын қолдау орталығында болды. Ол халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету – мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ әлеуметтік кодекске енгізілген өзгерістердің барлығы қазақстандықтардың өмірін жеңілдетуге бағытталған деді. Олжас ОРДАБАЕВ, ҚР ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Бізде қысқа мерзімді оқыту, қайта даярлау курстары бар. Егер адам жұмыс таба алмай жүрсе, бір айдан үш айға дейін қысқа мерзімде қайта оқуына болады. Сұранысы жоғары мамандық алып, оны табыс көзіне айналдыра алады. Мемлекет тарапынан көпбалалы отбасыларды әлеуметтік қолдауға ерекше көңіл бөлінеді. Сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға, науқас бала бағып отырған жанұяларға көмек бар. Илья СКУБ, ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Бұл - әрбір мемлекеттік органға тікелей қатысты мәселелер. Отбасының әлеуметтік картасы бойынша жұмыста өзара әрекеттесу тұрғысынан мүгедектігі бар адамдардың өмір сүру сапасын жақсарту, отбасыларды қиын өмірлік жағдайдан шығару, сондай-ақ жұмыспен қамту орталықтарын қайта құру. Айта кетейік, жиында әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту мәселелері, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек саласы, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту және әлеуметтік-еңбек саласын цифрландыру жайы талқыланды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді
ТЖМ цифрлық форматта: ТЖ алдын алудың жаңа мүмкіндіктері
Түркістандық телеарна түркиямен бірлескен тележоба дайындамақ
Өскеменде бір ай бұрын жоғалып кеткен 18 жастағы қыз өлі табылды
Ұялы байланыс операторы тарифтерінің қымбаттауы: Шешім қандай
2027 жылы бокстан әлем чемпионаты Қазақстанда өтеді
Енесі мен күйеуінен қорлық көрген танымал блогер 8-қабаттан секіріп көз жұмды
Екі облыста жол жабылды
Төтеншеліктер балық аулау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін ескертті
Жексенбіде елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ болады
Бірқатар шенеунікке нашар жол үшін 16 миллион теңге айыппұл салынды
Республикалық жас пианистер байқауының жеңімпаздары анықталды
«Майқайыңалтын» кенішінде жұмысшы қаза тапты