Биыл Астанада көше жарықтары мен аялдамаларды қиратқан 120 вандалға айыппұл салынған

Жыл басынан бері Астана көшелеріндегі жарықтар мен аялдамаларды қиратқан 120 вандалға айыппұл салынған. Жалпы 1 мың 200 ұсақ құқық бұзушылық тіркелген. Шаһар көркін қорғауға арналған кезекті рейд барысында бір бұзақы ұсталды. Оның әрекетін досы ұялы телефонына түсіріп, әлеуметтік желіге жүктеген. Ішімдіктің буымен батырсынған ер адам аялдаманың астан-кестеңін шығарды. Оның қоғамдық орындағы бұл қылығын досы әлеуметтік желіге жүктеп, көпшілікке мақтанған. Бірақ олардың қызықты сәттері көпке ұзаған жоқ. Құқық бұзушылар бұзақыларды тез арада тауып, жазаға тартты. Ділшат ҚОЙШЫБАЕВ, САРЫАРҚА АУДАНДЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Соңғы 10 айда Астана бойынша 120 дерек тіркелген. Бұдан басқа, жыл басынан бері ұсақ бұзақылықтың 1200-ден астам фактісі анықталды. Көбінесе вандализм кездеседі. Рейдтер жұма және сенбі күндері әр апта сайын өткізіледі. Кезекті рейд Агроқалашық аумағын қамтыды. Тұрғындардың айтуынша, мұнда 2 жыл ішінде 8 аялдама салынған. Бірақ, бұзақылар оны қиратып кеткен. Қала келбетін қорғауға арналған рейд құрамына қоғам қайраткерлері, Ауған соғысының ардагерлері, «Астана жастары» еріктілер тобы мүшелері мен спортшылар да тартылған. Олар құқық бұзушыларды анықтау бағытында және халыққа түсіндіру жұмысын жүргізуге жұмыла жұмыс істемек. Айтым ЖАҚЫПОВ, СТРИТ-ВОРКАУТТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМА КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ: Біз спортты қолдаушы ретінде мұндай жігіттерді спортты дамытуға шақырамыз, сондықтан олар энергиясын өзін-өзі дамытуға жұмсаса дейміз. Біз жастармен жаттығулардан басқа, тәрбие жайында да әңгімелер өткіземіз. Бөтеннің мүлкі мен қоғамдық нысандарды бүлдіріп-қирату 200 АЕК дейін айыппұл салуға әкеп соғады. Вандализмнің куәсі болсаңыз, iKomek бірыңғай байланыс орталығына хабарласыңыз.

Читать источник astanatv.kz/kz/
2025 жылы декреттік төлем қалай өзгереді?
ТҮРКІСТАНДЫҚ ОҚУШЫЛАР ТҮРКИЯ ЕЛІНДЕ ӨТКЕН БІЛІМ САЙЫСЫНАН ҮШ ЖЫЛ ҚАТАРЫНАН ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ
«Олимпиадаға апармады» : Бақыт Сәрсекбаев қазақ болғаны үшін өзбектерден қысым көрген
Алматы қаласы Мәслихатына жаңа депутат сайланды
Қазақстанға Starlink жабдығын әкелуге тыйым салынады
Енді Қазақстанда жазғы үйлердің аумағы 50 шаршы метрден аспауы тиіс
TikTok 2024 жылы: Қазақстандағы ең жарқын сәттер мен трендтер
Алматыда жастарға сейсмикалық қауіпсіздік туралы ақпараттандыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстанда ЖРВИ және тұмау бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты
Шавкат Рахмонов UFC рейтингінде екінші орынға көтерілді
Тағы бір өңір ваучерлік қаржыландыру жүйесіне қосылды
Алматыда «Француз үйі» ТҮК сүріліп жатыр
Халықаралық жасөспірімдер арасындағы жаратылыстану-ғылыми олимпиадасында қазақстандық оқушылар 100% нәтиже көрсетті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жетісу облысына барды
Алматыда жаңа автобус бағыты ашылады
Олжас Бектенов Мәскеуде ТМД үкіметтері басшылары кеңесі отырысына қатысты
Жібек Құламбаева Үндістанда өтіп жатқан турнирдің 1/4 финалына жолдама алды
Сенаторлар «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесіне қатысты заңды мақұлдады
Доллар тағы қымбаттады
Алматыда "Бастау" кинофестивалі ашылды
Мемлекет басшысы рух деген сөзді жиі айтады – Ерлан Қошанов
Қазақстан хоккейшілері әлем чемпионаты алдында екі жолдастық кездесу өткізеді
«Ұлы дала»: AMANAT ұйымдастырған байқауға 300-ден астам шығарма келіп түсті
Астанада Отбасылық жанжалдарды шешудегі медиацияның рөлі талқыланды