Биыл Атыраудан Ресей шекарасына дейінгі жолдың 137 шақырымы пайдалануға беріледі

Атыраудан Ресей Федерациясының шекарасына дейін жеткізетін жол қайта жаңғыртылып жатыр. Биыл бұл жолдың 137 шақырымы пайдалануға беріледі.Атырау облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Самат Айтқалиевтың мәліметінше, Атырау облысынан Ресейдің Астрахань өңіріне қатынайтын жол құрылысы бірнеше учаскеге бөлінген. «Бұл – «Ақтөбе – Атырау – Ресей Федерациясының шекарасы» (Астрахань) бағытындағы республикалық маңызы бар жолдың бір бөлігі. Бұрнағы жылы жалпы ұзындығы 277 шақырым жолдың 60 шақырымы пайдалануға берілді. Ал, 217 шақырымына қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Қазір аталған жолдың 80 шақырымында төменгі жол жабындысымен қозғалыс ашылды. Енді биылғы жылдың соңына дейін 137 шақырымында төменгі жол жабындысымен көлік қозғалысына рұқсат беру жоспарланып отыр», -деп хабарлады Самат Айтқалиев. Оның айтуынша, бұл жобаға қазынадан 22,9 млрд теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 12 млрд теңге республикалық, ал, 10,9 млрд теңге жергілікті бюджеттен қаралған. Еске сала кетелік, бұған дейін Атыраудан Ресейге қатынайтын жолдың 9 шақырымы пайдалануға берілгенін жазған болатынбыз. Жолдың алғашқы (824-833 шақырым) 9 шақырымын құрайтын бөлігіне төменгі қабат жабындысы төселген. Сол себептен, көлік қозғалысына рұқсат берілген. Жол төсемінің ені – 9 метр, қалыңдығы – 57 сантиметр. Кейін аталған бағыттағы жол құрылысы баяу жүріп жатқанын хабарлаған едік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтаудағы ұшақ апаты болған жерде жұмысын бастады
Шерзат Болаттың әкесі босап шықты: ол қазақстандықтарға үндеу жасады
Cауда үйінің қызметкері зейнеткердің шотынан ірі көлемде қаражат ұрлаған
Қара жәшік табылды
Қанат Бозымбаев ұшақ апаты туралы мынадай деректерді ұсынды
Ұшақ апатынан зардап шеккендердің туыстарына қайда хабарласу керек
2025 жылы еңбек демалысын қай айда алған тиімдірек? Біле жүріңіз!
Қураған ағаштан келер қауіп көп
Сауда үйінің қызметкері көмек сұраған зейнеткердің ақшасын ұрлап алған
Түркі жұртына ортақ тұлға
«Дарынды бала болды». Мұғалімдер ұшақ апатынан көз жұмған оқушы туралы айтты
Насыр – үздік баяншы
Қазақстанда жаңа 2 000 теңгелік банкноталар пайда болады
«Әуе апаты кездейсоқ болмайды»: Экс-шенеуніктің жазбасы елді ойландырып қойды
Ұшақ апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК директорына қатысты тергеу аяқталды
Сөздегі емес, істегі нәтиже маңызды
Теңіздің екінші тынысы ашыла ма?
Бізге керегі – заң мен тәртіп
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Шаттыққа толы шыршатой
Жол үстінде көліктерін “билеткен“ павлодарлық жүргізушілер жауапқа тартылды
Көшпелі жиын өтті
Мәжіліс биылғы жұмысын қорытындылады